
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Жітіқара ауданында цифрлық инфрақұрылымды дамыту және ауылдық елді мекендерді заманауи байланыс қызметтеріне қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі спутниктік технологияларды қолдана отырып, халқы аз ауылдық пункттерде ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділікті ұсыну жөніндегі жобаны іске асыруда. Жоба 328 ауылдық елді мекенді қамтиды және “Jusan Mobile”АҚ-мен 2025 жылғы 19 маусымдағы шарт шеңберінде жүзеге асырылады.
Осы жұмыс шеңберінде 2026 жылғы 26 сәуірде Большевик ауылдық округтегі Хозрет және Кусакан кенттерінде OneWeb Hughes HL-1100 спутниктік станциясы монтажданды. Интернетті қамту радиусы 250 метрге дейін жетеді, бұл елді мекен тұрғындарына желіге тегін кіруді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Жітіқара ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ағымдағы жылы Кусакан және Хозрет ауылдарында биіктігі 40 метр, сондай-ақ Шевченковка ауылында биіктігі 24 метр антенна-діңгек құрылыстарын салу жөніндегі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Байланыс пен интернеттің қамту радиусы 15-тен 30 шақырымға дейін болады.
Осы жобаларды іске асыру цифрлық қолжетімділік деңгейін арттыруға және ауылдық аумақтарды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1212804?lang=kk

Жауап қалдыру