
Жетісу облысы Полиция департаментінің қабырғасында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» атты форум өтті. Іс-шараға білім беру жүйесінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ата-аналар, тәлімгерлер мен педагогтар — яғни өскелең ұрпақтың болашағына бейжай қарамайтын жандар қатысты.
Аталған жиынның маңыздылығы — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бастамасымен 2026 жылдың «Балаларды қорғау жылы» деп жариялануымен ерекшеленеді. Бұл бастама кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуге серпін берді.
Форум барысында Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов сөз сөйлеп, профилактика мен қоғамның барлық институттарының өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.
«Тек бірге — мектеп, отбасы, қоғам және полиция — әрбір баланың өзін қауіпсіз, қорғалған әрі қажет сезінуіне мүмкіндік беретін орта қалыптастыра аламыз», — деді ол.
Форум тағы бір маңызды шындықты көрсетті: қауіпсіз балалық шақ өздігінен қалыптаспайды. Оның артында ел болашағына жанашырлықпен қарайтын адамдардың еңбегі жатыр. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз мәселелердің алдын алып қана қоймай, жауапты, саналы әрі лайықты ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Бүгінгі кездесу тағы да дәлелдеді: заң мен тәртіп — әрқайсымыздың назарымыздан, қатысуымыздан және жауапкершілігімізден басталады. Ал мектеп, отбасы және полицияның тығыз ынтымақтастығы ғана әрбір баланың өзін қауіпсіз сезінетін қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1212690?lang=kk

Жауап қалдыру