КПО-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Кездесу қауіпсіз еңбек мәдениетінің жоғары деңгейін қамтамасыз еткен және өндірісте жұмыстың қауіпсіз әдістерін енгізген компания қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың өкілдерін ұлықтауға арналды.

Департамент басшысының орынбасары А. Туйгинбетов өзінің құттықтау сөзінде «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы өндірістік қауіпсіздік саласында көшбасшылық орынды иеленіп, тұрақты даму принциптеріне адалдығын танытып келеді» ерекше атап өтті.

Іс-шара аясында келесі марапаттаулар өтті:

-Жұмыстың озық қауіпсіз әдістерін енгізуге бастамашы болған КПО қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың өкілдері марапатталды.

-Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтарды мінсіз орындап, бүкіл ұжым үшін еңбекке жауапты қараудың үлгісі болған мамандар атап өтілді.

Бұл оқиға өңірдегі кәсіпорындар үшін әрбір жұмыс орнында қауіпсіздік мәдениетін дамыту арқылы жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау басты басымдық болып қала беретінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1212689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді