
Кербұлақ ауданында халық игілігіне бағытталған маңызды жоба өз нәтижесін беруде – Қаспан, Қайнарлы, Сайлыкөл, Көксай және Қарымсақ елді мекендеріне табиғи газ берілді.
Бұл ауқымды жоба ауданның кешенді газдандыру бағдарламасы аясында қолға алынып, жалпы саны 25 елді мекенді қамтуды көздейді. Бүгінгі таңда оның алғашқы нәтижелері айқын көрініс табуда: қазіргі өзінде 8 ауыл көгілдір отынға қосылып, шамамен 24 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көруде.
Жұмыстар мұнымен шектелмейді. Қалған елді мекендерді газбен қамту бағытындағы құрылыс және қосу шаралары қарқынды түрде жалғасуда. Бірқатар нысандар аяқталу кезеңіне жетіп, жақын арада пайдалануға беруге дайын тұр.
Бұл бастама – аудан халқының тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің тұрақты дамуына жол ашатын маңызды қадам. Көгілдір отын – жайлылық пен өркендеудің кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-hcs/press/news/details/1212688?lang=kk

Жауап қалдыру