Форум-семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғын үй қатынастары саласындағы өзекті мәселелерге арналған өңірлік . Іс-шара саладағы жүйелі проблемаларды талқылауға, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған нақты тетіктер мен шешімдерді әзірлеуге арналды.
Форум жұмысына «AMANAT» партиясының Хатшысы Ержан Жылқыбаев, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтері мен басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.
Форум барысында Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Гуланда Кыстаубаева, Басқарушы мекеме, сервистік компаниялардың және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықтарының басқару нысандары қауымдастығының төрайымы Нұрбике Салихова және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамыту орталығы» АҚ Тұрғын үй қатынастары және нормативтік–техникалық реттеу департаментінің директоры Марғұлан Абдыкаримовпен кездесіп пәтер меншік иелерінің кооперативерін қайта тіркеуге байланысты мәселерді талқылады.
Іс-шара барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар алдағы уақытта уәкілетті органдар тарапынан жан-жақты қарастырылып, тиісті шешімдер қабылданатындығы белгіленді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және тұрғын үй қатынастары саласындағы жүйелі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1212691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді