Өскеменде дарынды балаларға арналған заманауи лицей салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне барды.

Өңір басшысы оқу кабинеттерін, спорт залын, асхананы және жатын бөлмелерді аралап көрді. 140 орынға арналған лицейде бүгінде 225 оқушы білім алуда. 1961 жылы салынған ғимарат (бұрынғы балабақша) бейімделген нысан болғандықтан, заманауи талаптарға сәйкес келмейді.

«Біздің күшіміз – білімде. Ал балалар жайлы жағдайда білім алуы керек», – деді Н.Сақтағанов.

Инфрақұрылымдық шектеулерге қарамастан, лицей жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадаларда үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр. Олардың қатарында химия, биология және математика бойынша беделді жарыстардың жүлдегерлері бар: Нұрлыхан Көпенов (IChO, күміс), Нұртөре Төреханұлы (IBO, қола), Алдияр Амангелді (халықаралық олимпиадалардың алтын жүлдегері), Денис Айнабеков, Мади Ғазиз және Бекзат Есімхан – халықаралық және республикалық зияткерлік байқаулардың жеңімпаздары.

Лицей директоры Рахман Оксюз оқушылардың жан-жақты дамуы туралы айтты. Мұнда оқу үдерісімен қатар спорт, шахмат және шығармашылық бағыттарға көңіл бөлінуде. Сонымен бірге марафондар, спартакиадалар мен мәдени іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылады.

Сапар қорытындысы бойынша ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов жаңа жобаны іске асыруды бастауды тапсырды. Облыс орталығының 22-ші тұрғын ауданында 1200 орындық (600 ұлға және 600 қызға арналған) заманауи лицей кешенін әрқайсысы 400 орындық екі интернат-жатақханамен бірге салу жоспарлануда.

Жоба бекітілді. Құрылысты жүргізу үшін аумағы 6 гектардан асатын жер телімі бөлінді. Қазіргі уақытта жоба тиісті органдарда келісу кезеңінен өтуде.

Жаңа нысан дарынды оқушыларды дайындауға арналған толыққанды білім беру ортасын қалыптастырып, өңірдегі білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1212619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді