«Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік: Ашық есік күні» акциясы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰 2026ж. 29 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқушыларға, мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында Ашық есік күні және Мемлекеттік кірістер органдарының қызметімен таныстыру жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында департамент басшысының орынбасары Қ.Б. Шайдуев мен басқарма басшысы Е.Нурмаханбетов баяндама жасап, слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әр азаматтың жеке жауапкершілігі және «өзінен бастау» қағидаты түсіндірілді.

Кездесуден кейін студенттерге департамент ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырылып, құрылымдық бөлімшелердің қызметі таныстырылды. Әр басқарманың атқаратын жұмысы мен негізгі бағыттары туралы нақты ақпарат берілді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік кірістер органдарының ашықтығын көрсету.

@mkdzhambyl #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня

Жамбыл облысы бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhambyl/press/news/details/1212745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді