
Токио үкіметінің өнеркәсіптік саясат, энергетика, инвестициялар және өңірдің инновациялық дамуына жауапты салалық департаменті — Bureau of Industrial and Labor Affairs жапон делегациясы Астана қаласының Индустриялық парк №1 кәсіпорындарын аралады.
Сапар барысында делегация теміржол саласына арналған жолаушылар және жүк электровоздарын, сондай-ақ құрамдас бөлшектерін шығаратын Alstom зауытының жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, меймандар өндірістік, логистикалық және әкімшілік нысандар құрылысына арналған сэндвич-панельдер шығаратын KazPan зауытына барды.
Делегация өкілдеріне кәсіпорындардың өндірістік қуаттары, жүзеге асырылып жатқан жобалар және заманауи өнеркәсіпті дамыту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы индустриялық парктің әлеуеті таныстырылды.
Мұндай кездесулер елдер арасындағы өндірістік кооперацияны нығайтуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және инвестициялық жобаларды дамытуға ықпал етпек.
#Астана #индустриялықпарк #industrialpark

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1228009?lang=ru

Жауап қалдыру