Елорданың Сарайшық ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне арналған профилактикалық рейд өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елорданың Сарайшық ауданындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті маңында балалардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық полиция ұйымдастырған іс-шара мешіттің айналасы мен оған іргелес қоғамдық кеңістіктерді қамтыды. Аталған аумақта адам көп шоғырланатындықтан, тәртіп сақшылары көпшілік жиналатын орындарға ерекше назар аударды.

Рейд барысында құқық қорғау органдары бірнеше бағыт бойынша кешенді тексеру жүргізді.

Инспекторлар демалыс аймақтары мен оған жақын орналасқан алаңдарды патрульдеп, заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ жақын маңдағы сауда орындары мен қоғамдық тамақтану нысандарының кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға тыйым салатын заң талаптарын сақтауына тексеру жүргізілді.

Жасөспірімдермен қоғамдық орындардағы тәртіп нормалары, жеке қауіпсіздік шаралары және құқық бұзушылық жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай рейдтердің жүйелі түрде өткізілетінін және олардың мақсаты тек құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, қоғамдық орындарда жасөспірімдер тап болуы мүмкін қауіптердің алдын алу екенін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша ата-аналар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдеріне кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жүргізілді.
Полиция балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны және тауарларды өткізу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Тәртіп сақшылары жүргізілген рейдке түсіністікпен қарап, азаматтық жауапкершілік танытқан аудан тұрғындарына алғыс білдірді. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын қаланың барлық ауданында жалғастырады.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1260101?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді