Сарысу ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның №4 отырысы өтті. Жиын барысында аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және халықтың қауіпсіздігін сақтау мәселелері қаралды. Отырыс кезінде жауапты мемлекеттік органдар мен тиісті мекемелердің атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, ықтимал қауіптердің алдын алу және олардың салдарын болдырмау бойынша ұсыныстар қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1284208?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді