Күн: Қазан 17, 2026
-
Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі. Президент сөзінде еліміз цифрлық даму тұрғысынан стратегиялық таңдау жасағанына тоқталды. – Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 193 мемлекеттің арасынан 24-орын алады. Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр. Біз бірыңғай инновациялық экожүйе…
-
Жамбыл облысында егін жинау науқаны жоғары қарқынмен жалғасуда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен егін жинау науқанының өту барысы және мал азығын дайындау жұмыстарының жай-күйі бойынша аппараттық кеңес өтті. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әбдірәсіл Желеубаевтың айтуынша, өңірде егін жинау науқаны жоғары қарқынмен жалғасуда. Биыл егіс алқаптарының жалпы көлемі 654,9 мың гектарды құрап, ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымы қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен тұрақты қамтамасыз…
-
ТҮРКІСТАНДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ АЗАМАТТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістанда қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліповтің төрағалығымен консультативтік-кеңесші органдардың кезекті отырысы өтті. Жиынға тиісті мемлекеттік мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Кездесуде пробация қызметінің 2026 жылдың жеті айында атқарған жұмыстары қорытындыланды. Есепті кезеңде азаматтарды әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және қоғамға бейімдеу бағытында бірқатар шара жүзеге асқан. Атап айтқанда, пробация есебіндегі азаматтарға бір реттік…
-
Биыл Семейдегі 100-ге жуық тұрғын үйдің ауласындағы жолдар жөнделеді
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірнеше тұрғын үйдің аулаларын аралап, абаттандыру және аулаішілік жолдарды жөндеу бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу барысын көрді. Аймақ басшысы әуелі сол жағалаудағы Иртышская көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болды. Аталған аумақта жиек тастар жаңартылып, асфальт төселген. Қала әкімдігінің мәліметінше, қазіргі таңда облыс орталығындағы 12 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ИЗМИР АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркия Республикасының Измир қаласының әкімі Джемиль Тугаймен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты дамыту, инвестиция тарту, туризм, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Нұралхан Көшеров өңірдің экономикалық әлеуетіне, инвестициялық мүмкіндіктеріне және өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі жобаларға тоқталып, бауырлас елдердің өңірлері арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтерудің маңызын атап өтті.…
-
Президент Тоқаев телекөпір арқылы бірқатар автокөлік жолының құрылысын бастап берді
Президент «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдары құрылысының басталуына арналған телекөпірде сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы тоғыз жолдың торабында тұрған Қазақстанның өсіп-өркендеуіне серпін беретін маңызды бағыт екеніне тоқталып, бүгін еліміз үшін стратегиялық мәні айрықша ауқымды жобалардың құрылысы басталатынын мәлімдеді. – «Жол – тіршіліктің күретамыры». Мемлекет осы саланы дамытуға…
-
Президент Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты
3 тамызда Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев III Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының ашылу рәсіміне қатысты. 2–8 тамыз аралығында өтетін додаға 106 елден 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Президент Қазақстанның цифрлық даму мен жасанды интеллектіні енгізуді стратегиялық басымдық ретінде таңдағанын атап өтті. Олимпиада аясында қатысушылар ЖИ модельдерін әзірлеу және автономды роботтарды бағдарламалау бойынша сынға түседі. Ақпарат көзі…
-
«Жұлдыз» ансамблі Мароккода өтіп жатқан Халықаралық бейбітшілік балалары фестивалінде Қазақстанды таныстырды
Қазақстандық «Жұлдыз» ансамблі 2026 жылғы 30 шілде мен 6 тамыз аралығында Марокко Корольдігінде өтіп жатқан XVIII Халықаралық бейбітшілік балалары фестиваліне қатысуда. Фестивальге әлемнің әртүрлі құрлығынан 20 елден 300-ден астам бала қатысуда. Фестивальдің ашылу рәсімінде «Жұлдыз» ансамблінің жас өнерпаздары Қазақстанның ұлттық хореографиялық өнерін таныстырып, марокколық және халықаралық аудиторияны қазақ мәдениеті мен дәстүрін паш етті. Әсем костюмдер,…
-
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ҚҰРУ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік құрылыс компаниясының директоры Сюй Миньмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңірде жаңа индустриалды аймақ құру жұмыстарын жеделдету бағытындағы бірлескен жобаларды талқылады. Кездесуде компания өкілдері индустриялық аймақ, бондтық қоймалар, өндірістік корпустар, жеке өндірістік нысандар, әкімшілік-тұрмыстық және сервистік орталықтар, сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылым салу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Аталған жоба іске асқан жағдайда, оның…
-
Атырау қаласы Мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Атырау қаласы Мәслихаты Атырау қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылатыны туралы хабарлайды. Әрбір саяси партия тиісті учаскелік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды да ұсынуға…
-
Астанада Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық олимпиадасы (IOAI 2026) өтуде
3 тамызда Астанада Жасанды интеллект бойынша 3-ші Халықаралық IOAI 2026 олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір апта бойы Қазақстанның астанасы талантты оқушылардың, жетекші сарапшылардың және әлемдік технологиялық индустрия өкілдерінің бас қосатын алаңына айналды. Олимпиаданы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев,…
-
Маңғыстауда ««Shubat Fest – 2026» республикалық шұбат фестивалі өтеді
29 тамызда Ақтау қаласында «SHUBAT FEST – 2026» республикалық шұбат фестивалі өтеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Нұртас Сали мәлімдеді. Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілгелі отырған ауқымды іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы үздік шұбат өндірушілерді анықтау, түйе сүтінен өндірілетін өнімдердің сапасын…
-
Құрылтай – 2026
Құрметті отандастар! 2026 жылғы 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанындағы №405 сайлау учаскесінде (мекенжайы: Avenue Van Bever 30, 1180 Brussels, Belgium) Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. №405 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігі аумағында уақытша немесе тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының…
-
Астанада Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы Келісімге қол қойылды
2026 жылғы 3 тамызда Марокко Корольдігінің Әділет министрі Абделаттиф Уахби бастаған делегацияның Қазақстанға жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаевпен кездесуі өтті. Кездесу барысында Е. Сарсембаев марокколық делегацияны Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі новеллаларымен, Әділет министрлігі қызметінің негізгі бағыттарымен, елде жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформалармен, әділет жүйесін дамытудың заманауи тәсілдерімен, мемлекеттік…
-
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы интернет-кеңістігіндегі діни сипаттағы іс-шараны көпшілікке жария түрде насихаттау және діни қызмет элементтерін қоғамдық орында ұйымдастыруға қатысты талдау жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижесінде, @zhanbol_nurmukhanbet «Threads» парақшасында «Бесплатный кофе за суру из Корана. С сегодняшнего дня запускаем акцию! Если вы сможете прочитать любую суру из Корана наизусть, мы угостим вас чашкой кофе бесплатно. Акция действует 7 дней – до 10 августа включительно. Астана, Қабанбай батыра, 58Б Ждём вас! Пусть эта акция станет поводом вспомнить или выучить ещё одну…
