Санат: Алматы
-

Инвестиция – экономиканың дамуына бағытталған нақты жоспар
Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, инвестиция нақты мақсат пен сұранысқа сай бағытталуы тиіс. Қаржыны тиімді бөлу – өндірісті күшейтіп, экономиканың тұрақты дамуына жол ашады. Мұндай тәсіл елдегі жаңа жобалардың жүзеге асуына, жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1204817?lang=kk
-

«Заң мен Тәртіп» – жаңа Конституцияның негізгі қағидаты: Олжас Бектенов құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК отырысын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Онда референдумда қабылданған Конституцияның нормаларын сапалы және жедел енгізуді қамтамасыз ету үшін «Заң мен Тәртіп» қағидатын бекіту мәселелері қаралды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1204819?lang=kk
-

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының өкімімен Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып Жандарбеков Олжас Болатханұлы тағайындалды. Жаңадан тағайындалған лауазым иесін аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов ұжым мүшелеріне таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. Олжас Болатханұлы 1989 жылы 19 мамырда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында туған. 2011 жылы М.Әуезов…
-

«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі» Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді. Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған. Олардың көмегімен…
-

Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Түркияның жаңадан тағайындалған Елшісімен кездесті
Тбилиси, 20 сәуір – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Мәлік Мырзалин Түркия Республикасының Грузиядағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мустафа Тюркер Арымен кездесу өткізді. Кездесудің басында қазақстандық дипломат түркиялық әріптесін жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған Грузиядағы дипломатиялық миссиясында табыс пен нәтижелі жұмыс тіледі. Әңгіме барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ өңірлік…
-

Тәртіпті 24/7 бақылауда: бейнебақылау камералары құқықбұзушылықтарды қалай анықтайды
Күн сайын, үзіліссіз және демалыссыз, тәулік бойы Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Олардың объективтері қалалар мен елді мекендердегі барлық жағдайды — ұсақ құқықбұзушылықтардан бастап аса күрделі оқиғаларға дейін — үздіксіз тіркеп отырады. Бүгінде заманауи технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сенімді құралына айналды. Зияткерлік бейнебақылау жүйелері арқылы полиция қызметкерлері қоғамдық…
-

Ақтөбе облысында Республикада алғаш рет еңбек инспекциясы жанынан медиация кабинеті ашылады.
Ақтөбе облысында Республикада алғаш рет еңбек инспекциясы жанынан медиация кабинеті ашылады. Бұл бастама еңбек дауларының алдын алуға, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және дауларды сотқа дейін, өзара келісім арқылы шешуге бағытталған. ✍️ Меморандумға қол қойғандар: — Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті — «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы — Облыстық кәсіподақтар орталығы — Халықаралық құқық қорғау…
-

ОТЫРАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМИССИЯ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2026 жылдың I тоқсанындағы кезекті мәжілісі өтті. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмахановтың төрағалығымен өткен мәжіліске комиссия мүшелері, тиісті бөлім басшылары мен сала өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларының орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, аудандық…
-

Төрт аяқты серік пен борыш иесі: кинологтың бір күні
Полиция қызметтерінің ішінде кинологиялық қызметтің орны ерекше. Бұл салада адам мен ит біртұтас командаға айналып, сенім, тәртіп пен өзара түсіністік күнделікті жұмыстың негізіне айналады. Жетісу облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығының қызметкері, полицияның кіші лейтенанты Айдос Ерузаковтың бір күні қалай өтетіні – біздің материалда. Айдостың жұмыс күні таңертең ерте басталады. Алдымен саптық жиынға қатысып, басшылықтан…
-

Қазақстан мен Моңғолия энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Моңғолияның Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, атап айтқанда қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерделеуді, сондай-ақ геологиялық барлау және мұнай өндіру саласындағы тәжірибе алмасуды талқылады. Көмір өнеркәсібі мен көмір химиясын дамытуға, оның ішінде көмірді терең…
-

Абай облысы мен Қытайдың Тарбағатай округі арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Тарбағатай округы партия комитетінің хатшысы Чжи Сянь Вэймен бейнеконференция арқылы байланысқа шығып, пікір алмасты. Жиынға тиісті басқарма басшылары, департамент жетекшілері қатысты. Шекаралық аймақтағы Аягөз, Үржар, Мақаншы және Ақсуат аудандарының әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Жиын барысында Қазақстан мен Қытай арасын жалғайтын «Тачэн – Аягөз»…
-

Жетісуда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологиясы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Eco Spring Action» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Аталған бастама қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қалдықтарды сұрыптау дағдысын дамытуға және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Акция Жоңғар Алатауы тауларының бөктерінде іске асырылып, арнайы ұйымдастырылған экологиялық сенбілік жүргізіліп, еріктілер мен жастар қауымы табиғи аумақты қоқыстан тазарту…
-

Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХV сессиясы
Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХV сессиясы 2026 жылдың 20 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11 30 да аудан әкімдігінің мәжіліс залында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде Кербұлақ аудандық мәслихатының VIII шақырылған кезекті ХХХV сессиясы өтті. Сессия күн тәртібінде: Аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру, пайдаланылмай жатқан жерлерге түгендеу жұмыстарын …
-

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тиімділігін арттыру және процестік мерзімдердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Бас әскери прокуратурада кеңейтілген алқа отырысы өтіп, онда қылмыстық қудалау органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін сақтау мәселелері қаралды. Алқа жұмысына әскери-тергеу органдары мен әскери полицияның басшылары, бейнеконференцбайланыс режимінде аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар, сондай-ақ әскери қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері қатысты. Бас әскери прокурор Дастан Секенов отырысты бастап, процестік мерзімдерді сақтау заңның негізгі талабы, азаматтардың құқықтарын…
-

Салық кодексіне түзетулер тобы Жобалық кеңсенің 12-ші отырысында қаралды
Үкімет жанындағы Жобалық кеңсенің отырысында Салық кодексіне кезекті түзетулер тобы, оның ішінде қаржы секторына қатысты мәселелер қаралды. Жобалық кеңсенің ақпандағы отырысында қаржы секторында жаңа Салық нормасын қолдануға байланысты 38 мәселе қаралған болатын. Мемлекеттік бюджет кірістері мен салықтық әкімшілендіруге әсерін тексеру үшін оның 7-еуі тағы да пысықтауға жіберілді. Талқылаудың қорытындысында үш мәселе түпкілікті шешім қабылдау үшін осы…
