Санат: Алматы
-

ТЖМ басшысы Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетін ашты
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 8 мыңнан астам тұрғыны бар бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шара барысында сөз сөйлеген Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен өрт…
-

Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінің қатысушыларын қарсы ала бастады. Елордаға әлемдегі жетекші фиджитал және киберспорт командалары келуде. Олардың қатарында ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Алдағы күндері Астана 50-ден астам ұлттың 800-ден аса спортшысын біріктіріп, дәстүрлі спорт түрлері, компьютерлік ойындар мен заманауи технологиялар тоғысатын әлемдік фиджитал спорттың басты…
-

«Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді
Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында «Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар» Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Номинацияны әзірлеу және ұсыну жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Президент Маңғыстаудың бірегей табиғи келбеті мен тарихи-мәдени мұрасын әлемге кеңінен танытуды және өңірдегі…
-

Қазақстандық шығармашылық ұжымдар Жараш мәдениет және өнер фестиваліне қатысты
Жараш, 2026 жылғы 23 шілде – Иордан Хашимит Корольдігінде мерейтойлық 40-шы халықаралық Жараш мәдениет және өнер фестивалі аясында Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі мен «Аққу» фольклорлық-хореографиялық ансамблінің концерті өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінің, Иордания Мәдениет министрлігінің және Жараш фестивалі дирекциясының қолдауымен ұйымдастырылды. Концерт Фестивальдің…
-

Мұрат Балпан Сандықтау ауданында азаматтарды жеке қабылдады
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан азаматтарды жеке қабылдады.Жеке қабылдау барысында Каменка ауылы маңындағы су айдынының ластануы, сондай-ақ «Игілік» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жеңілдетілген несие беру мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштері қаралды.Көтерілген әрбір мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1263655?lang=ru
-

Сандықтау ауданында аграрлық саланы дамыту бойынша жедел кеңес өтті
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпан жұмыс сапарымен Сандықтау ауданына келді.Сапар аясында ауданның даму мәселелеріне арналған жедел кеңес өтті. Кеңес барысында алдағы егін орағы науқанына дайындық барысы, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, бекітілген 2026–2030 жылдарға арналған Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарының іске асырылуы талқыланды.Кеңесте мал шаруашылығы саласын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Облыс әкімінің…
-

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы
Облыстық мәслихат депутаттарының, барлық мүдделі тұлғалардың назарына Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 11.00-де (облыстық мәслихаттың мәжіліс залы, 201 бөлме) өтеді. К ү н т ә р т і б і: Облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №298 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне…
-

Облыстық мәслихат төрағасының ӨКІМІ 2026 жылғы 24 шілде №66
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясын шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН: Облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы 2026 жылғы 31 шілдеде сағат 11.00-ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін: Облыстық мәслихаттың…
-

Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді
Пусан, 2026 жылғы 25 шілде – Бүгін Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында «Маңғыстаудың жартасты мешіттері мен олармен байланысты киелі орындарын» ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы шешім қабылданды. ЮНЕСКО-ның жаңа нысанының құрамына бес жартасты мешіті – Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан үпі енді. Бұл шешім…
-

Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдығына арналған волейбол турнирі: Генералдар командасы жеңімпаз атанды
Астанада Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен ардагерлері арасында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіровтің 80 жылдық мерейтойына арналған волейбол турнирі өтті. Дәстүрлі спорттық жарысқа Қарулы күштердің түрлерінен, Тыл бастығы басқармасынан, Қару-жарақ бастығы басқармасынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінен, 32039 әскери бөлімінен, сондай-ақ “Генералдар кеңесі” мен “Қарулы күштердің…
-

Қазақстанда еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау қарқыны артып келеді
Кәсіптік оқытуды дамыту жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Білікті кадрларды даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие мамандармен экономиканы қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың жұмысқа орналасу және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша кәсіптік оқуға 3 741 адам жолданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе…
-

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарының Үндістан Республикасының Елшісімен кездесуі
Астана, 2026 жылғы 24 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Я.К. Сайлас Тангалмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар қазақ-үнді стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін талқылап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделіліктерін растады. БРИКС аясындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды. Е.Ашықбаев үнді…
-

ШҚО делегациясының өкілдері Омбыда өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумында баяндама жасады
24–25 шілде күндері Омбы қаласында Қазақстан мен Ресейдің ХХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде. Оған өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов бастаған ШҚО делегациясы қатысып жатыр. Форум аясында Шығыс Қазақстан облысы, еліміздің өзге өңірлері мен Омбы облысы делегацияларының қатысуымен панельдік сессиялар өтті. ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Ансат бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның айрықша…
-

Менің таңдауым – есірткісіз өмір
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1263643?lang=ru
-

Полиция қызметкерінің бір күні: Талдықорған тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі күзетінде
Күн сайын полиция қызметкерлері Талдықорған тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметке түседі. Қала көшелеріндегі тыныштық пен қоғамдық тәртіптің сақталуы – жауапкершілік, төзімділік және қызметке деген адалдықты талап ететін күнделікті еңбектің нәтижесі. Талдықорған қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Нұржан Жасұлан Сайраұлы ішкі істер органдарында 13 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Бүгін…
