Санат: Қазақстан
-

Қазақстандағы алғашқы әкімшілік рақымшылық туралы
АҚПАРАТТЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬ Жалпы ақпарат 2026 жылғы 3 маусымда Қазақстан Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын және оған ілеспе заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Ұсынылып отырған заң жобасы Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды әкімшілік рақымшылықты енгізеді және 2026 жылы жаңа Конституцияның қабылдануымен, сондай-ақ елдегі саяси және…
-

🔹 «ЖАЛҒАН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ: БЕЛГІЛЕРІ МЕН САЛДАРЫ» бойынша бейнетүсіндірме жарияланды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы Кемалов Бауржан Билалович «Жалған жұмысқа орналастыру: белгілері мен салдары» тақырыбында бейнетүсіндірме жариялады. 📌Instagram: https://www.instagram.com/p/DcqBH83qOcs/ Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1282402?lang=ru
-

29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні
29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні. Бұл күн 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан бекітілді. Тиісті қарармен 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1282403?lang=ru
-

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған үндеуін жариялады
Құрметті отандастар! Бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатыр. Осыдан 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі болғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны жабылды. Ондаған жыл бойы жасалған жарылыстар азаматтарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл…
-

30 тамыз – Қала күні. Өскеменге – 306 жыл!
Өскеменде Қала күніне орай 25-30 тамыз аралығында концерттер, фестивальдер, спорттық жарыстар, отбасылық және балаларға арналған бағдарламалар, жәрмеңкелер және басқа да мерекелік іс-шаралар өтуде. Мерекелік шаралар қала тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының барлығын қамтыды. Атап айтқанда, Республика алаңы, Арбат, амфитеатр, Достық үйі, саябақтар мен өзге де алаңдар. Есте қаларлық іс-шаралардың қатарында арт-фестиваль, «Dance Battle», «White Party Oskemen»,…
-

Облыс орталығында «Ашық аспан астындағы оперетта» кеші өтті
Өскеменде қала күніне арналған мәдени шаралар легі классикалық музыка кешімен жалғасты. Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының шығармашылық ұжымы шаһар тұрғындары мен қонақтарына «Ашық аспан астындағы оперетта» атты ерекше музыкалық кеш сыйлады. Әсем әндер әуелеген кешті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та тамашалады. Жазғы кештің ашық аспан астындағы ерекше атмосферасында классикалық шығармалар, көпшілікке…
-

БҰҰ-да Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні атап өтілді
Нью-Йорк, 2026 жылғы 29 тамыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күніне арналған бірқатар іс-шара өтті. 2026 жылы Халықаралық күн үш айтулы мерейтой аясында өтуде: Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ЯСЖТШ) қол қоюға ашылғанына 30 жыл…
-

Қазақстандағы Шахтер күні: адамдар, технологиялар және нәтижелер
Жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде Қазақстанда құрметті де күрделі мамандық иелері – шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде шахтерлерді жан-жақты қолдауға, еңбек қауіпсіздігін арттыруға және мамандықтың беделін көтеруге бағытталған жүйелі шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік қолдау Еліміздің тау-кен өндіру саласында 145 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұлар – жер…
-

Маңғыстауда республикалық «SHUBAT FEST-2026» шұбат байқауының жеңімпазы анықталды
Бүгін, 29 тамызда Ақтау қаласындағы Амфитеатр алаңында республикалық «SHUBAT FEST-2026» шұбат фестивалі өтті. Ауқымды шараға 15 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы жиналып, байқауға Маңғыстау, Атырау, Қызылорда және Түркістан облыстарының өкілдері қатысты. Фестивальге Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы қатысты. Фестивальдің басты мақсаты – шұбатты ұлттық өнім ретінде кеңінен насихаттау, оны дайындау дәстүрін сақтау, түйе…
-

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АКЦИЯ ӨТТІ
Бүгін «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында теміржол жолаушыларының қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «АДАЛ ЖОЛ. ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІП. ҚАУІПСІЗ САПАР.» ақпараттық-профилактикалық акциясы өтті. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Департамент басшысы Сабырғали Балғалиев, қоғам белсенділері, Департамент қызметкерлері және Экономикалық тергеу қызметінің волонтерлері мен қала тұрғындары, жолаушылар қатысты.…
-

ЕЛОРДА ТӨРІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ «CREATIVE AIMAQ» ІС-ШАРАСЫ ӨТЕДІ
29–30 тамыз күндері Астана қаласында Түркістан облысының «Creative aimaq» іс-шарасы өтеді. Ауқымды іс-шара Түркістан облысының тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық қолөнерін және креативті индустрия саласындағы әлеуетін кеңінен танытуға бағытталған. Еліміздің астанасында ұйымдастырылатын жәрмеңке ұлттық мәдениет пен дәстүрді дәріптеу, креативті кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнімдерді насихаттау және Түркістан өңірінің шығармашылық мүмкіндіктерін таныстыру мақсатында өткізіледі. Іс-шара барысында Түркістан облысының қолөнершілері,…
-

ТҮРКІСТАНДА БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы Т.Бокин көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің жағдайымен танысып, тұрғындармен кездесті. Облыс әкіміне осындағы тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйі, инфрақұрылымы және абаттандырылуы жөнінде баяндалды. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалды. Тұрғындар үйлер жаңғыртылып, шатыры ауысып, жөндеуден өткенін, аумақта тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтіп, облыс басшысына ризашылықтарын…
-

ТҮРКІСТАНДА ИНДУСТРИАЛДЫҚ АЙМАҚТАҒЫ ТЕМІРЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Түркістан қаласындағы индустриялық аймақтың логистикалық мүмкіндігі кеңейіп, теміржол қатынасы қайта іске қосылып, локоматив жүргізілді. Индустриялық аймаққа теміржол желісі 2015 жылы тартылғанымен, кейін ұзақ уақыт пайдаланылмаған. Кәсіпкерлердің ұсыныстарына сәйкес, 2025 жылдың аяғында облыс әкімінің тапсырмасымен теміржол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бүгінде ұзындығы 4 417 метр теміржол тұйығы толық жаңғыртылып, техникалық талаптарға сәйкестендірілді. Бұл кәсіпорындарға жүктерді…
-

Алматының тазалығы – баршамызға ортақ!
Алмалы ауданында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті! Таңертеңнен бастап Үлкен Алматы өзенінің арнасы бойында қызу жұмыс жүргізілді. Ортақ мақсат — сүйікті қаламызды таза әрі көрікті ету жолында 140-тан астам адам бірлесе еңбек етті. Сенбілікке коммуналдық қызметтердің мамандары, еріктілер және ауданның белсенді жастары қатысты. Атқарылған жұмыс ауқымды болды! 11 бірлік арнайы техниканың көмегімен шамамен 50 текше…
-

Қазақстанда МӘС-тің сырттай проактивті куәландырудың ерекше тетігі дамып келеді
2026 жылы Комитет медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесінің жұмыс тетіктерін өзгертуге баса назар аударады. Сырттай проактивті формат өзінің әлеуметтік тиімділігі мен сұранысқа ие екенін дәлелдеді. Ол азаматтарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, қызметтің қолжетімділігін арттырады. Сонымен қатар, мүгедектікті белгілеу жөніндегі мемлекеттік қызмет рәсімдерін оңтайландыру және оның қолжетімділігін арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қатаң айқындалған нозологиялық нысандар…
