Санат: Жаңалықтар
-
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында тарих пәні мұғалімдері арасында “Кәсіпқой” облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде №2 Саумалкөл мектеп гимназиясында тарих пәні мұғалімдері арасында “Кәсіпқой” облыстық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: тарих пәні бойынша жоғары ғылыми-пәндік білімі бар облыстың үздік педагогтерін анықтау. Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру әрі озық педагогикалық тәжірибені тарату. Аудандық олимпиадаға тарих пәнінен 10 мұғалім қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті. 1 кезең тест…
-
🔰 ОТЫРАР: «ТҮРКІСТАН МАҚТА АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІ» ЖШС-ГІ АУМАҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНҒАН КЕҢЕС ӨТТІ
Бүгін, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Отырар ауданында орналасқан «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС-гі аумағында инвестициялық жобаны іске асыру барысын, еңбек қатынастары мен еңбек даулары, сондай-ақ әлеуметтік шиелініс пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын талқылау бойынша кеңес өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков, Мемлекеттік еңбек инспекицясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелды Салхудинұлы және…
-
Қосшы қаласының бес жылдық мерейтойына жаңа мектеп құрылысы басталады
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Қосшы қаласын дамыту мәселелеріне арналған жиын облыс әкімдігінде өтті. Іс-шараға құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. «Биыл елдегі ең жас қалалардың бірі – Қосшы өзінің алғашқы мерейтойын атап өтіп отыр. Мемлекет басшысы Қосшы қаласына және оның дамуына ерекше көңіл бөледі. Қалада қысқа мерзім ішінде құрылыс-жоспарлау жоспары бекітілді, оған сәйкес жаңа әлеуметтік…
-
Есірткіге қарсы күрес: Өскеменде 250 студент қатысқан стратегиялық кездесу өтті
Өскеменде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің базасында 250 белсенді студент пен өңірдегі құқық қорғау органдары басшыларының басын қосқан ауқымды стратегиялық сессия өтті. Бұл іс-шара қоғамда есірткі қаупіне қарсы берік иммунитет қалыптастыруға бағытталған “Esirtkisiz Qazaqstan” жобасын жүзеге асырудың маңызды кезеңі болды. Талқылауға ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса…
-
Ауылдық округі әкімінің Елшан ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі
2026 жылғы 14 сәуірде ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Тоғызақ ауылдық округі әкімінің Елшан ауылының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді, сондай-ақ болашаққа жоспарларды талқылай отырып, ауылдық округтің дамуы қорытындыланды. Тұрғындар абаттандыру идеяларын ұсынуға және сұрақтар қоюға белсенді қатысты. Көтерілген барлық мәселелер бойынша ауыл өмірін жақсартуға бағытталған түсіндірмелер мен тапсырмалар берілді.…
-
Оян мектебінде «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында 1–4 сынып оқушылары арасында жоба ұйымдастырылды.
Оян ауылындағы МДШО бар орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларының отбасы құндылықтарын дәріптеу және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Отбасыммен бірге өткізген қуанышты күндерім!» тақырыбында 1–4 сынып оқушылары арасында жоба ұйымдастырылды.Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және отбасы мүшелерімен бірге өткізген бақытты сәттерін еске түсіру арқылы жағымды…
-
Ұрлық бірнеше күн ішінде анықталды: Көкшетауда клинингтік фирманың қызметкері гауһар тасты алтын сақинаны ұрлады деген күдікке ілінді
Көкшетау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйінен зергерлік бұйымдар ұрлығы ісін жедел ашты. Күдікті тазалау компаниясының қызметкері болып шықты.Полицияға өтініш 12 сәуірде келіп түсті. Үй иесінің айтуынша, ол 350 000 теңге тұратын гауһар тасты алтын сақинаның жоғалғанын анықтаған. Әйел зергерлік бұйымның жоғалуының нақты күнін атай алмады, ұрлық 6-12 сәуір аралығында жасалған деп болжанды.Өтініштен кейін…
-
Бүгін басқарма басшысы Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында сөз сөйлеп, Ауыл шаруашылығы өндірушілері мен қайта өңдеушілері үшін жер пайдалану құқығын ұзарту мәселелерін реттеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысы туралы айтты.
Комиссияның негізгі міндеті жер пайдаланушылардың адалдығын анықтау және жерді одан әрі пайдалану жөнінде шешімдер әзірлеу болып табылады. Бағалау критерийлер жүйесі бойынша жүргізіледі, міндетті критерий — жер учаскесінің нысаналы мақсатын сақтау. Қосымша ескеріледі: салықтар мен жалдау бойынша қарыздардың болмауы, жер заңнамасын бұзушылықтардың болмауы, жұмыс орындарын құру, ауыл шаруашылығына инвестициялар, ауыл шаруашылығы жануарларының болуы, әлеуметтік…
-
Алматы әкімі қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды
Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде қалалық ортаны жақсарту және көріктендіру мәселелері қаралды. Жиын барысында аумақтарды санитарлық тазалау, қалалық инфрақұрылымды бояу және әктеу, көшелер мен қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау, сондай-ақ жұмыстардың орындалуына бақылауды күшейту жайы талқыланды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық қызметтің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екені айтылды. Осы мақсатта 1 сәуірден…
-
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА АТШАБАРДА КӨКПАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы заманауи көпфункциялы атшабарда 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында көкпардан Түркістан облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Ұлттық спортты дәріптеуді мақсат еткен бәсекеге өңірдің 7 ауданынан келген командалар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Атап айтқанда, Сайрам, Жетісай, Ордабасы, Келес, Қазығұрт, Түлкібас және Сарыағаш аудандарының жас шабандоздары тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс барысында қатысушылардың шеберлігі, ептілігі мен…
-
КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚОҒАМ: УНИВЕРСИТЕТТЕ МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Конституцияның қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға оқытушылар, сарапшылар және студенттер қатысты.Кездесу барысында мұндай шаралардың мемлекет пен қоғамдағы өзгерістерді тереңірек түсінуге, ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Спикерлер Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасына тоқталып, ел болашағы азаматтардың бірлігіне, білімге ұмтылысына және ұлттық құндылықтарға…
-
«АЙБЫН – 2026» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ
2026 жылғы 13 сәуірде Шымкент қаласындағы №142 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Айбын – 2026» ХІІ халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының қалалық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараны Шымкент қалалық білім басқармасының қолдауымен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мамандары ұйымдастырды. Салтанатты жиынға қаладағы қорғаныс, білім және ардагерлер ұйымдарының өкілдері арнайы қатысып, жастарға сәттілік тіледі.…
-
Балқаш қаласында масаға қарсы күрес басталды
Балқашта маса мен шіркейлерге қарсы жыл сайынғы дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Өңдеу шаралары таңғы уақытта жүзеге асырылады және қаланың негізгі қоғамдық аумақтарын қамтиды: гүлзарлар, аллеялар, жағалау аймағы, бірқатар көшелер мен жасыл желектер орналасқан учаскелер. Биыл дезинсекция алты кезең бойынша өтеді. Бұл маусым бойы тұрақты әрі тиімді нәтиже алуға мүмкіндік береді. Жәндіктерді жою үшін адам мен жануарларға…
-
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас ғалымға пәтер кілтін табыстады. Тұрғын үйлер Алматы және Астана қалаларынан өтеусіз негізде берілді. Бүгінде Алматы қаласында баспана алған жас ғалымдар толық жабдықталған пәтерлерге қоныстанып үлгерді. Қоныс иелері жасалған қолайлы жағдайлардың ғылыми және кәсіби қызметке алаңсыз…
-
ҚАРИЯЛАР ҚОҒАМДЫҚ ІСТЕРДЕН ШЕТ ҚАЛМАЙДЫ
Олардың мол тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті жастар тәрбиесінде, қоғамдық мәселелерді шешуде көп көмегін беруде. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының кезекті есеп беру, сайлау конференциясында айтылған мәселелер осы оймен түйінделді. Конференцияда атқарылған жұмыстар бойынша қалалық кеңестің төрағасы Кенжехан Төлебаев есеп баяндама жасады. Шымкентте бүгінгі таңда 101 мыңнаң астам ардагер бар. Оның 1300-і тыл…
