Санат: Жаңалықтар

  • «Таза Қазақстан»: Астанада кәсіпорын қызметкерлері экологиялық акцияға атсалысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қаланың тазалығы жолында кәсіпорындар да белсенділік танытып жатыр. Солардың бірі – «СВС-АСТАНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания Президент бастамасын қолдап, өз аумағында кең көлемді тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Орталық директоры Александр Кельвих бұл бастамаға қатысудың маңызын ерекше атап өтті. «Біздің компания «Таза Қазақстан» акциясын толық қолдайды және оған белсенді қатысып…

  • Сыртқы істер министрі Иран Елшісін қабылдады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының Елшісі Әли Акбар Джоукарды қабылдады. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады. Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаралды.…

  • Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастың басым бағыттары мен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Вашингтонда Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Антонелла Бассанимен және Дүниежүзілік банк тобының өкілдерімен кездесті. Кездесу қазақстандық делегацияның АҚШ-қа сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігінің тұсаукесеріне дайындық аясында өтті. Кездесу барысында Қазақстанның сенім, кәсіпқойлық және тұрақты дамудың ортақ міндеттемесіне негізделген қалыптасқан стратегиялық әріптестікті жоғары…

  • Қазақстанның жоғары оқу орындары «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» университеттер конгресіне белсенді қатысты

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    2026 жылғы 13–14 сәуір күндері Самарқанд қаласында «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» университеттер конгресі өтті. Аталған іс-шара өңір елдері мен Еуропалық Одақ мемлекеттері арасындағы жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды. Конгресс жұмысына министрлер, министрлердің орынбасарлары, сондай-ақ жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары мен өкілдері, ғылыми-академиялық қауымдастық және халықаралық ұйымдар қатысты. Атап айтқанда, ЕО…

  • «Заң мен тәртіп»: спортшылармен ашық кездесу өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін елордадағы «TANYM» көпфункционалды кешенінде Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мотивациялық кездесу өтті. Ашық диалог форматында өткен іс-шараға 150-ден астам жас спортшы қатысты. Кездесудің құрметті қонағы — NAIZA лигасының әлем чемпионы, панкратионнан әлем чемпионы, ММА бойынша кәсіби рекорды 5–0 болатын Ильдар Құдайбергенов болды. Спортшы өз өмір жолымен…

  • Абай облысының жас сарбаздары халықаралық додада ел намысын қорғайды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Абай қырандары» әскери-патриоттық клубы мүшелерімен кездесті. Сәуір айының 19-ы мен 25-і аралығында Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында «Vatanparvarlar» халықаралық әскери-спорттық жарысы өтеді. «Абай қырандары» клубының мүшелері аталған сайыста Қазақстан атынан өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Аймақ басшысы кездесуде жас сарбаздарға алдағы халықаралық жарыста сәттілік тіледі. «Бүгін біз өңіріміздің ғана емес, тұтас еліміздің…

  • Вашингтонда «Қарағанды – Жезқазған» автожолының жобасы бойынша келісімге қол қойылды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Қазақстандық делегацияның Вашингтонға ресми сапары барысында Дүниежүзілік банктің штаб-пәтерінде «Қарағанды-Жезқазған» автожолының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды. Келісім «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында жасалды. Жоба көлік инфрақұрылымын дамытуға, транзиттік әлеуетті арттыруға және өңірлердің байланысын жақсартуға арналған. Жаңа жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға…

  • Қоғамдық қауіпсіздік бақылауда: полиция 90-нан астам құқықбұзушылықты анықтады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

      Түркістан облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Жетісай ауданы полиция бөлімі қызметкерлері арнайы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Рейдтік жұмыстар барысында 90-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мас күйде көлік басқарудың 1 дерегі, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 жағдайы, бағдаршамның қызыл түсіне өтудің…

  • Бейбіт Исабаев Қаратал ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» автомобиль жолының орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сол сияқты соңғы үш жылда Қаратал ауданында  облыстық маңызы бар 120 шақырым жол, елді мекендердің 54 көшесі жөнделіп, 30 ауылда жарық шамдары орнатылды. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Кездесу…

  • Ақмола облысында егіс науқанына дайындық мәселесі талқыланды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Көкшетау қаласындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың, сондай-ақ аграрлық сектордың 600-ден астам өкілінің қатысуымен көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. «Ақмола облысы қатарынан екінші жыл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары бағасына ие болып, аграрлық сектордың көшбасшысы ретінде және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің «жүрегі» мәртебесін…

  • «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы: Көкшетауда ауқымды плоггинг өтті

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Көкшетау қаласында өткен ауқымды плоггингке мыңға жуық тұрғын қатысып, соңғы жылдардағы келушілер саны бойынша рекорд жаңартты. Қатысушылар Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті алдынан бастау алып, Бұқпа төбесіндегі бақылау алаңына дейінгі аралықты еңсеріп, жүгіріс барысында қоқыс жинау арқылы қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Экологиялық акцияға ресми түрде қала әкімі Әнуар Күмпекеев бастау беріп, мұндай бастамалардың…

  • Маңғыстау өңірінде Қазақстанда баламасы жоқ бірегей қолөнер орталығы ашылады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұлттық киім бренді – «Тәрбиянің» негізін қалаушы Тәрбия Айдымбаевамен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – дәстүрлі өнерді дамыту және оны заманауи форматта жаңғырту арқылы өңірдің мәдени әрі экономикалық әлеуетін арттыру. Кездесу барысында тараптар өңірде ұлттық дәстүрлі өнерді насихаттау, қолөнер саласын жаңғырту және оны заманауи бағытта ілгерілету мәселелерін талқылады. Облыс әкімі…

  • Монако Князьдігінің Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Монако Князьдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Мирей Мартиниден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады. Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастығының саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзекті мәселелерін талқылады. А.Исетов Қазақстанның Монакомен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін және өзара тиімді әріптестікті, соның ішінде, туризм,…

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мерхат Сапарғалиев тағайындалды.   Мерхат Балтыбекұлы Батыс Қазақстан инженерлік технология университетін бітірген.   Еңбек жолын 2004 жылы БҚО Ақжайық ауданының әкімдігінде бастаған.   2010-2011 жылдары Орал қалалық маслихаты аппаратының жетекші маманы лауазымында қызмет етті.   2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан…

  • Ербол Қарашөкеев кезекті рет азаматтарды қабылдады

    Жарияланды:

    Автор:

    категорияда

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс кестесіне сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.   Кездесу барысында қоғамдық көлік қатынасын жақсарту, жібек құртын өндіруді дамыту, коммуналдық тарифтер мен тұрғын үй мәселелері, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.   Ербол Қарашөкеев азаматтардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.   Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп,…

Exit mobile version