Санат: Жаңалықтар
-

Семей тұрғыны Абай облысының колониясына есірткі тасымалдауға тырысқаны үшін сотталды
Семей қаласының 28 жастағы тұрғыны ұялы телефон арқылы бейтаныс адаммен келіссөздер жүргізіп, оған ақшалай сыйақы үшін Абай облысындағы түзеу мекемесінің аумағына есірткі заттарын ауыстыруды ұсынды. Ер адам қылмыстық жоспарға келісті. Алайда, ауыстыру әрекеті кезінде оны тыйым салынған заттардың енуіне жол бермеу үшін сыртқы периметрді патрульдеуді жүзеге…
-

Құрметті Атырау облысының тұрғындары мен қонақтары!
Облыс аумағында 6–10 сәуір аралығында республикалық «Мал ұрлығына жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Басты мақсат – мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу және олардың жолын кесу. Іс-шара барысында: * мал жаю қағидаларын сақтау, жануарларды сәйкестендіру және GPS-бақылау құралдарын пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі; * ауылдық округтерде қаңғыбас малға арналған қоралар құру және оларды қаржыландыру мәселелері қарастырылады;…
-

«Білім беру ұйымдары педагог-психологтарының кәсіби қызметіндегі заманауи сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция
«Білім беру ұйымдары педагог-психологтарының кәсіби қызметіндегі заманауи сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы 2025 жылғы 3 сәуірде «Білім беру ұйымдары педагог-психологтарының кәсіби қызметіндегі заманауи сын-қатерлер және оларды еңсеру жолдары» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияға ШҚО мектепке дейінгі мекемелерінің, орта, техникалық…
-

Бүгін басқармада мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары өтті
Бүгін басқармада мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қызметтік тәртіп, адалдық қағидаттары және мемлекеттік мүлікті тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қызметтік автокөліктерді пайдалану тәртібі кеңінен түсіндіріліп, оларды тек қызметтік міндеттерді орындау мақсатында пайдалану қажеттігі атап өтілді. Қызметтік көліктерді жеке мақсатта қолдануға, оның ішінде жұмыс уақытынан…
-

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен 2026 жылдың 2 сәуір күні Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті мәжіліс отырысы өткізілді. Жиынға облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты. Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, Терроризм мен экстремизм бағытындағы алдын алу шараларын ұйымдастыру барысындағы өзекті…
-

Алматыда «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» акциясы өтеді
«Eco Almaty» ЖШС ауа сапасын жақсарту және жүргізушілердің экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» атты экологиялық акция өткізеді. Акция аясында қала тұрғындары көлігін экологиялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тегін тексере алады. Мамандар көміртек оксидінің (CO) деңгейі мен пайдаланылған газдардың түтіндену көрсеткішін өлшейді. Тексеру тегін жүргізіледі, әкімшілік шаралар қолданылмайды, мобильді экологиялық зертхана арқылы қысқа мерзімде жүзеге…
-

Жетісуда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүруде
Жетісу облысында егіс науқаны жалғасып жатыр. Көктемгі дала жұмыстары ауа райының жағдайына қарай өңірдің жеті аудан-қаласында жүргіп жатыр. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 511,8 мың гектарды құраса, соның 387 мың гектары көктемде себіледі, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күнге, 43,3 мың гектар сүдігердің…
-

Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына қатысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумының пленарлық отырысына қатысып, Kazakhstan Machinery Fair 2026 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қазақстандық өндірушілердің жобаларымен танысты, деп хабарлайды baq-orda.kz. Машина жасаушылар форумы 1300-ден астам делегаттың басын қосты, оның ішінде Австрия, Германия, Италия, ҚХР және басқа да 20-дан астам елден келген жетекші өндірушілер, мамандар мен бизнес өкілдері бар. Премьер-министр Олжас Бектенов…
-

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді
Алматыда Розыбакиев көшесі, 53 мекенжайында рұқсатсыз салынған тұрғын емес нысанға қосалқы құрылыс анықталды. Бұл туралы Қала құрылысы бақылау басқармасының өкілдері хабарлады. Басқарма инспекторлары жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде нысан иесі өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады. Заңсыз салынған құрылыс толықтай өз күшімен сүрілді. Қала құрылысы бақылау басқармасының мәліметінше, қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, заңсыз құрылыс…
-

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ «ФУДМАСТЕР» КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов ауданда орналасқан «ФудМастер» компаниясының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында әлеуметтік желілерде көтерілген сарқынды судың өзенге төгілуіне қатысты тұрғындардың шағымдары қаралды. Аудан әкімі кәсіпорын басшылығына халықтың алаңдаушылығын жеткізіп, орын алған жағдай бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті. Компания өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта өндірістік сарқынды суларды толық тазартуға арналған…
-

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов қатысты. Аудан басшысы тұрғындардың арыз-шағымдарымен өтініштерін тыңдап, тиісті түсіндірмелер берді. Қабылдау барысында азаматтар жұмыспен қамту, жол инфрақұрылымын дамыту, атап айтқанда елді мекен көшелерін асфальттау, сондай-ақ әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы бірқатар мәселелер…
-

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді
Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып, туристер легінің тұрақты өсімін көрсетіп келеді. 2025 жылы қалаға 2 487 889 адам келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артық (1 729 601 адам). Оның ішінде 754 мыңға жуығы шетелдік туристер, олардың саны 9,9%-ға артқан. Ал ішкі туристер 1,7 млн-ға жетіп, өсім 4,8% болды.…
-

САРЫАҒАШ: ӨНДІРІСТІК ПАРК НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ САРАЛАНДЫ
Сарыағаш қаласының кіреберіс бөлігінде жүзеге асырылып жатқан «Өндірістік парк» жобасы аясындағы нысандардың құрылыс жұмыстарының барысын аудан әкімі Арман Абдуллаев саралап, кәсіпкерлермен кезекті рет кездесті. Кездесу барысында аудан басшысы жоба кестесінде белгіленген мерзімнің жақындап қалғанын атап өтіп, құрылыс қарқынын шұғыл түрде күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жобаның жүзеге…
-

🏡Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімінұзарту немесе жерді жекеменшікке рәсімдеу енді онлайн қолжетімді
2026 жылдың қаңтарынан бастап жерге қатысты үш қызметқашықтан көрсетіле бастады. Енді онлайн түрде:📌жердің нысаналы мақсатын өзгертуге;📌жалдау мерзімін ұзартуға (өтінішті мерзімі аяқталуға 90күн қалғанда беруге болады);📌жер учаскесін жекеменшікке сатып алуға, толық төлемменнемесе бөліп төлеу арқылы рәсімдеуге болады. 🖥Өтініш электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады, алөтініштің мәртебесін онлайн бақылауға болады. 🌐Бұл өзгерістер 2026 жылы жарияланған Цифрландыру жәнежасанды интеллект…
-

Ақжайық ауданына жұмыс сапары
Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының мамандары басқарма басшысының орынбасары Н.Г. Кусаеновтың жетекшілігімен Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аудандық ветеринариялық станция қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, ауыл шаруашылығы жануарлары ауруларының алдын алу және олардың таралуына жол бермеуге бағытталған ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ автомобиль жолдарының маңындағы ауыл шаруашылығы жануарларына жарық шағылыстырғыш…
