Санат: Жаңалықтар
-

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру қорытындысы шығарылды. Үкімет негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу туралы есеп берді. Сондай-ақ бірқатар салалық мемлекеттік орган жетекшілері басты бағыттар бойынша баяндама жасады. Мемлекет басшысы геосаяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық, экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін пысықтау қажеттігіне назар аударды. Бұдан бөлек,…
-

Қазақстанда инновацияларды дамытуда ғылым мен ЖОО-лардың рөлі артуда.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында өзі басшылық ететін салаға инновацияларды енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арансы.Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес инновациялық қызмет Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына берілгенін атап өтті. Осы тапсырманы орындау аясында ҒЖБМ-ға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жекелеген міндеттері мен…
-

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесті
Кездесу барысында Ерлан Сарсембаев Әділет министрлігінің қызметі туралы ақпарат беріп, сондай-ақ жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1191179?lang=kk
-

Геология комитетінде мемлекеттік қызметтің бейтараптығы мен зайырлылық қағидаттарының маңызына баса назар аударылды
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінде Комитет қызметкерлеріне арналған жұмыс кеңесі Комитет төрағасының орынбасары — Кубенов Дамир Амангалиевич төрағалығымен өтті. Іс-шараға Qamqor Astana қоғамдық қоры теологы, лектор Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға қызметтік…
-

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері талқыланды
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін ZOOM платформасында ақпараттық онлайн-кездесу өтті. Іс-шара спикері ретінде кедендік әкімшілендіру басқармасының басшысы Тілектес Түсетаев сөз сөйледі. Күн тәртібіндегі басты тақырыптар зияткерлік меншікті қорғау және навигациялық пломбаларды енгізу болды. Бірінші тақырып аясында қатысушыларға контрафакт пен «көлеңкелі» импортқа қарсы күрес шаралары еске салынды. Мұндағы негізгі құрал – Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі…
-

Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін цифрландырудағы өзекті мәселелерге назар аударды
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізіп, жауапты құрылымдарға мал және өсімдік шаруашылығында толық бақылау жүйесін қамтамасыз етуге күш салуды тапсырды. Министр Президент тапсырмасына сәйкес 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын алға тарта отырып, бұл бағыт аграрлық саланың тиімділігі мен ашықтығын арттыру, заманауи технологияларды енгізуді жеделдету, өнім…
-

Шегіртке зиянкестерімен күресу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды
Комитет төрағасы С. Қаныбеков аумақтық инспекциялар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен онлайн-кеңес өткізді. Кеңесте шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларына дайындықтың ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды. Шегірткелердің таралу ошақтарына дер кезінде және сапалы мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ зиянкестер жайлаған алқаптарды тиімді өңдеу қажеттілігі туралы тапсырмалар берілді. Халықты химиялық өңдеу жүргізілетін орындар мен уақыты туралы хабардар ету қажеттігі атап…
-

Эстонияда Наурыз мерекесі атап өтілді: көктем мен бірліктің салтанаты
Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі «Лира» халықаралық бірлестігімен және «Атамекен» қазақ қоғамымен бірлесіп, Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Бұл іс-шара көктемгі жаңарудың жарқын символына айналды. Мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, мәдениет қайраткерлерін және Эстония тұрғындарының басын қосып, этносаралық диалог пен достық байланыстарды нығайтуға арналған алаң қалыптастырды. Мерекенің басты оқиғасы салтанатты концерт болды. Шығармашылық ұжымдар дала дәстүрлерінің рухы…
-

Түсіндірме жұмыстары
Әдеп жөніндегі өкілдің 2026 жылғы 1 тоқсанға арналған жұмыс жоспарына сәйкес және «Адал азамат» жол картасын жүзеге асыруға қатысты Абай облысы, Үржар ауданы әкімдігі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы, деп есептелетін өкіл М. Бапинова Үржар ауданының жергілікті атқарушы органдары қызметкерлеріне онлайн форматында Абай облысы Үржар аудандық салық басқармасы өкілдерінің қатысуымен қаржылық бақылау шаралары туралы (декларация…
-

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026 жылдың 31 наурыз күні Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерге әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық көріністерінің зиянына қатысты консультациялық кездесу өтті. Кездесу барысында, мемлекеттік қызметшілерге ұжымдық мәдениетті нығайту, әдеп кодексінің талаптарын сақтау, орындаушылық тәртіп, әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері айтылды. Сондай-ақ, «Ойын…
-

Алматыда қолжазбаларды қалпына келтіру бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
Алматыда «Ғылым Ордасының» реставрация және консервация орталығында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасы, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы және Қазақ ұлттық хореография академиясының өкілдері мен Астана, Атырау, Түркістан және Есік қаласынан арнайы келген сала мамандары қатысты.…
-

Қазақстанда құжаттарды үйге жеткізу қызметі кеңінен қолданыла бастады
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі дайын құжаттарды ХҚКО-ға қайта бармай-ақ алуға мүмкіндік береді және бүгінде Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді. 2026 жылы бұл қызметке сұраныс артып келеді – алғашқы үш айда 426 жеткізу рәсімделгенін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Қызметті өтініш беру кезінде бірден рәсімдеуге болады. Құжат дайын болған соң ол көрсетілген мекенжайға жеткізіледі. Бұл уақытын…
-

Түркістан қаласында жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалақысын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды
Тергеу амалдары ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізді.«Еңбек мобильділігі орталығы» – ның бұрынғы директоры, «Жұмыс берушілерді қолдау» бөлімінің қызметкері, сондай-ақ бірқатар коммерциялық ұйымдардың басшылары азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарына жалған рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.Орталық қызметкері кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін өтінімдер берген. Өтінімдерде жалған лауазымдар көрсетілген. Олар мақұлданғаннан кейін,…
-

Ұлытау облысының 8 ауылында соңғы бір жылда мүлде қылмыс тіркелмеген
Ұлытау облысында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Соның айқын дәлелі — өңірдің 8 елді мекенінде соңғы бір жыл ішінде ешқандай қылмыстық құқықбұзушылықтың тіркелмеуі. Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданы аумағындағы Айнабұлақ, Орынбай және М.Жұмажанов ауылдарында соңғы бір жылда қылмыс фактілері тіркелмеген. Ал осы ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин ауылында Ұлытау облысы құрылған…
-

Ағашпен сындырған: Түркістанда бейнекамераларды бүлдірген күдіктілер ұсталды
Түркістанда бейнебақылау камераларын әдейі бүлдірген екі күдікті анықталып, ұсталды. Қылмыс бейнебақылау жүйелерінің көмегімен ашылды. Оқиға қала көшелерінің бірінде тіркелген. Белгісіз тұлғалар 4 камераны қасақана сындырған. Салдарынан 700 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді. Тергеу барысында оқиғаның түнгі сағат 01:00 шамасында болғаны анықталды. Беттерін маскамен жасырған екі жігіт ұзын ағашпен камераларды істен шығарған. Полицейлер қылмысты ашу…
