Санат: Жаңалықтар
-

Жамбыл облысында жол жөндеу бойынша 76 жоба іске асады
Биыл Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге барлық бюджет көздерінен 21,3 млрд теңге қарастырылып, 76 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов мәлімдеді. 2026 жылы 2 көпір мен 3 теміржол өткелінің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ 7,6 шақырым көше жолы қайта жаңғыртылып, 167,6 шақырым автожол…
-

Павлодар облысында «Таза қала» экологиялық акциясы өтті
Павлодар облысында «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бастамасы аясында қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза қала» ауқымды экологиялық акциясы өткізілді. Акция шеңберінде өңірдің үш қаласында аумақтарды тазалау және ретке келтіру бойынша экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Тұрғындар, еріктілер, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қоғамдық орындарды, аулаларды және табиғи аймақтарды тазалау жұмыстарына белсенді қатысты. Аталған акцияға…
-

Текелі қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілді
2026 жылғы 11 сәуірде Текелі қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Акция аясында Қора өзенінің жағалауында ағаш отырғызу шарасы өтті. Аталған аумақта 50 дана қылқанжапырақты және 200 дана жапырақты ағаш егілді. Ағаш отырғызу барысында қала әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы қатысып, тұрғындармен бірге көшет отырғызды. Сонымен қатар, Ардагерлер ұйымы және…
-

Шымкент қаласының прокуратурасы ресми жұмыс істемейтін алимент төлеушілерге арналған бейне-түсіндірме дайындады
Шымкент қаласының прокуратурасы ресми жұмыс істемейтін алимент төлеушілерге арналған бейне-түсіндірме дайындады. Ресми табысы жоқ азаматтар үшін алимент қарызы ҚР бойынша орташа айлық жалақы негізінде есептеледі (шамамен 430 000 теңге). Бұл нақты табыс төмен болса да, берешектің жасанды түрде тез өсуіне әкеп соғады. Бейнероликтің мақсаты — табысты заңдастырудың (ЖК ашу немесе жұмысқа тұру) артықшылықтарын көрсету: –…
-

Арал қаласында «Арал теңізі күніне» арналған іс-шаралар өтті
Арал қаласы аумағында «Арал теңізі күніне» орай кең ауқымды мәдени-спорттық және ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар «Руханият» орталығында өткен марапаттау рәсімімен бастау алды. Онда сурет салу, бейнеролик байқаулары мен шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, экологиялық акция аясында қала аумағында көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді. Күннің екінші бөлігінде оқушылар арасында ұйымдастырылған «Aral Cup»…
-

Елордалық ЖОО-ның студенттері сенбілікке қатысты
Астанада «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» экологиялық айлығы мен «Таза қала» жалпықалалық акциясы аясында Esil университетінің 100 студентінің қатысуымен сенбілік өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елордада басталған ауқымды экологиялық айлық қала тұрғындарын тазалық пен қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау идеясы аясында біріктіріп отыр. 11 сәуірден бастап қала бойынша аумақтарды тазалау және абаттандыру жұмысы жүргізіліп…
-

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ ауыл халқының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында Әділет департаменті облыс әкімдігімен бірлесіп ауылдық елді мекендерде «Құқық кабинеті» ашылды.
«Құқық кабинеті» – әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты ала алатын орын. Кабинеттер қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» АҚЖ қолжетімділігі, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-Otinish, eGov, «Ашық НҚА» порталы, Тараптар кабинеті және т.б.) қолжетімділігі бар компьютерлермен жабдықталған. Бұл ауылдық округтерде заңнаманы өз бетінше зерделеуге мүмкіндік беру…
-

Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді
2026 жылдың 23-24 сәуірінде Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер фестивалі ұйымдастырылады. Ұлттық фестивальді өткізудегі негізгі мақсат – өңірдің туристік имиджін көтеру, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, шетелдік және жергілікті қолөнершілер арасында достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, кенже қалып бара жатқан ежелгі қолөнер түрлерін сақтау…
-

«Таза Қазақстан»: Астанада 200-ге жуық цирк қызметкері сенбілікке шықты
Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қалалық цирк ұжымы сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараға 200-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, мекеме аумағында және оған іргелес кеңістіктерде тазалық жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылып, санитарлық тазалау және абаттандыру шаралары жүзеге асырылды. Ұжым қызметкерлері цирк ғимаратының сыртқы аумағын ретке келтіріп, тазалық пен…
-

Түркістанда жүздеген әйел бас қосқан тағылымды кездесу өтті
Түркістан облысы полиция департаментінде қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызының қатысуымен отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған “Берекелі отбасы” тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — отбасы институтын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру. “Берекелі отбасы” тақырыбындағы кездесуге 250-ге жуық әйел офицерлер мен полиция қызметкерлерінің жұбайлары қатысты. Кездесу барысында Оразкүл Асанғазықызы қатысушылармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп,…
-

Түркістанда полиция камералар көмегімен ереже бұзған 300-ден астам жүргізушіні әшкереледі
Түркістан облысында жедел басқару орталығының мамандары соңғы үш ай ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған 331 Toyota Alphard жүргізушісін анықтады. Мәселен, Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов даңғылы бойында тоқтатылған көлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны белгілі болды. Бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушы жедел түрде анықталып, полиция қызметкерлері тарапынан тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушінің бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені…
-

Түркістан облысында полиция бетті тұмшалауға тыйым салуға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Сауран ауданының полицейлерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіруге бағытталған профилактикалық шараларды өткізуде. Белгілі болғандай, 2026 жылдың 2 наурызынан бастап ел аумағында қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін жауып, жеке басын тануға кедергі келтіретін киім-кешек элементтерін киюге тыйым салатын норма күшіне…
-

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қамысқала ауылдық округінде көктемгі санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасуда
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қамысқала ауылдық округінде көктемгі санитарлық-тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. 2026 жылғы 11 сәуір күні округте сенбілік ұйымдастырылып, оған округ тұрғындары, мекеме қызметкерлері және еріктілер қатысты. Жалпы 82 адам қамтылды. Сенбілік барысында 3 көше мен 66 тұрғын үй ауласы тазартылып, 2 тонна тұрмыстық қалдық арнайы техникамен шығарылды. Сонымен қатар ауылды…
-

Жамбыл облысында жол жөндеу бойынша 76 жоба іске асады
Биыл Жамбыл облысында жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге барлық бюджет көздерінен 21,3 млрд теңге қарастырылып, 76 жоба іске асырылмақ. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов мәлімдеді. 2026 жылы 2 көпір мен 3 теміржол өткелінің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ 7,6 шақырым көше жолы қайта жаңғыртылып, 167,6 шақырым автожол…
-

«Таза Қазақстан»: Жетісудағы экологиялық акцияда өзен жағалауы мен елді мекендер тазартылды
Бүгін өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды тазарту, көгалдандыру және елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар бекітілген жоспарға сәйкес Панфилов ауданында «7 OZEN» экологиялық акциясы өткізіліп, Іле өзенінің арнасы тазартылды. Ооған 50 адам, 2 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 25 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды. Сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды…
