Санат: Пікір
-

Қазалы ауданындағы инфрақұрылымдық жобалар қарқыны сараланды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Қазалы ауданына жұмыс сапары аясында Жанкент ауылының тұрғындарымен кездесіп, «Руханият орталығында» аудан активін өткізді.Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы негізгі міндеттер талқыланды.Аймақ басшысы аудан әкімдігіне инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды, су үнемдеу технологияларын тиімді пайдалануды, құрылыс сапасы мен мерзімін қатаң бақылауды, инфрақұрылымдық жобалардың…
-

Мекемелердің әлеуметтік аударымдарын төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жиналысы өтті
Ағымдағы жылдың 14 мамырында басқармада Маңғыстау облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» филиалының қызметкерлерімен мекемелердің әлеуметтік аударымдарын төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жиналысы өтті. Жиналысқа басқармаға бағынысты мекемелердің және қалалық арнаулы әлеуметтік орталықтардың бас есепшілері қатысты.Күн тәртібінде Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері, әлеуметтік тәуекелдер (еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған…
-

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 511,8 мың гектарға себіліп, егіс көлемі өткен жылға қарағанда 1,1 мың гектарға ұлғайтылды. Көктемгі дала жұмыстары бүгінгі күнге толығымен аяқталып, қазіргі уақытта шаруашылықтар тарапынан себілген дақылдарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі егіс науқанын қаржыландыруға «Аграрлық несие корпорациясы»…
-

Өндірістік ортаның қолайсыз факторлары және олардың адам ағзасына әсері
Өндірістік ортаның қолайсыз факторлары — еңбек процесінде жұмысшының денсаулығына кері әсер етіп, кәсіби ауруларға немесе еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне әкелетін физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық жағдайлар. Олар ағзаның қорғаныс жүйесін әлсіретіп, түрлі патологиялық өзгерістер тудырады. Физикалық факторлар. Шу және діріл (вибрация): Есту жүйесінің зақымдалуына (есту қабілетінің төмендеуі), жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйелерінің бұзылуына, діріл ауруына әкеледі.…
-

Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдары пысықталды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Арал ауданына жұмыс сапары аясында «Руханият орталығында» аудан активімен кездесті. Онда өңірдің, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдары мен алдағы міндеттер талқыланды. Мемлекет басшысы Қызылордадағы Ұлттық құрылтайда жылдар бойы атқарылған жұмыс нәтижесінде Кіші Арал теңізінің қалпына келе бастағанын айрықша атап өтті. Сонымен бірге «Бейнеу – Сексеуіл» бағыты бойынша жол құрылысының биыл басталатынын,…
-

Маңғыстау облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы балалар қауіпсіздігіне қатысты ескерту жасады
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты міндеті. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қараусыз қалуы, ашық терезелерге жақындауы, көшеде және қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтамауы түрлі оқыс оқиғаларға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады. Тәртіп сақшылары балаларды үйде ұзақ уақыт…
-

Балалар ойын алаңдарын тексеру
2026 жылдың 4 маусымында Қарабалық ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және құқықтарын қорғау комиссиясы алты ойын алаңын тексерді, оның екеуі Қарабалық әкімдігіне қарасты және төртеуі тұрғындардың күшімен салынған. Әкімдік қарамағындағы екі ойын алаңының жағдайы қанағаттанарлық. Қалған ойын алаңдары бойынша Қарабалық әкімдігіне абаттандыру бойынша ұсыныстар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1236201?lang=ru
-

Қарақия ауданындағы Болашақ ауылы – «Алкогольсіз ауыл» атанды
«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қарақия аудан прокуратурасының бастамасымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Болашақ ауылы «алкогольсіз ауыл» деп танылды. Осыған орай, өзара ынтымақтастықты көздейтін Меморандум жасалды. Меморандум – мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің ортақ жауапкершілігі мен өзара ынтымақтастығының нақты көрінісі. Ауыл кәсіпкерлері де, игі бастаманы қолдап,…
-

Лептоспироз белгілері, алдын алуы.
Лептоспироз – бұл ауыр өтетін жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы-Leptospira бактериялары, ал “соққының” негізгі нүктелері – бұлшықет, ОЖЖ, капиллярлар, бүйрек және бауыр. Сіз бұл ауруды “су безгегі”деп білетін шығарсыз. Ол бүкіл әлемде таралған, қоздырғыштардың көпшілігі батпақты жерлерде және өте ылғалды аймақтарда кездеседі. Лептоспироз қоздырғышын көбінесе кеміргіштер, шошқалар, жылқылар, иттер, сондай-ақ ірі қара түрлері тасымалдайды. Жануарлардың арасында…
-

Шалқардағы бұрынғы бос аумақ енді халық серуендейтін саябаққа айналады
Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асхат Шахаров Шалқар көлінің жағалауында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылысымен танысты. Жобаны «Строй Мунай Сервис» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарының құны 377,8 млн теңгені құрайды. Саябақты жаз ортасында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда болашақ демалыс аймағында алаңды тегістеу және жиектастар орнату жұмыстары аяқталған. Спорт алаңдарына…
-

ЕСКЕРТКІШ МАҢЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ
1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысынан оралмаған боздақтарға қойылған ескерткіш аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ескерткіш маңы тазартылып, әктеу және сырлау жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, аумақ көркейтіліп, гүлдер отырғызылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1236195?lang=kk
-

Аралдың туристік әлеуетін және жол инфрақұрылымын дамытудың маңызды жобалары таныстырылды
Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және ел ағалары Арал ауданындағы жұмыс сапары кезінде Қамыстыбас ауылдық округіне барып, ондағы «Аққұмшық» жағажайының қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.Өңірдегі туризмді дамытуда ерекше маңызға ие демалыс аймағы «Арал геопаркі» жобасына енгізілген. Соның нәтижесінде өткен жылы бұл аймаққа 100 мыңға жуық адам қызығушылық танытып келген. Аумағы екі гектар демалыс…
-

“Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау күні туралы анонс.
“Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты“ мемлекеттік мекемесі мекеме қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау туралы хабарлайды. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі нәтижелер мен әзірленген ұсынымдарды ашық жария талқылауға қатысуға жұмыс тобының мүшелері, Қоғамдық кеңес мүшелері, жұртшылық өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ…
-

Алтай Альпыларында бұқаралық AltayRace трейл жарысы өтті
Іс-шараға қатысушылар 5, 12 және 25 шақырымдық қашықтықтарда өз бақтарын сынап, тау бедеріндегі күрделі бағыттар мен көркем табиғат аясындағы маршруттарды еңсерді. Мұндай спорттық шаралар бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Жарысқа қатысқан барлық спортшыларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!…
-

Өңірлік үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 29 мамыр күні облыс әкімінің орынбасары А. Өрісбаевтың төрағалығымен еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік бойынша өңірлік үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысында өңірдегі еңбек дауларына қатысты өзекті мәселелер қаралып, кәсіпорын басшылары мен жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/1236206?lang=ru
