Санат: Шымкент
-

Алматы облысында жүк көлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөмірді жасырғаны үшін жүргізу куәлігінен айырылды
«Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, Жедел басқару орталығының камералары арқылы, жүк көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырған жүргізушіні анықтады. Жүргізуші автоматты кешендер арқылы тіркелетін құқық бұзушылықтардан және ақылы жол төлемінен жалтару мақсатында мемлекеттік нөмірді қағазбен жауып қойған. Құқық бұзушылықты Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері анықтады. Жиналған материал сотқа жолданды. Сот…
-

Ерлік дәстүрі: Қарағанды облысы полициясындағы ұрпақтар сабақтастығы
Ерлік дәстүрі: Қарағанды облысы полициясындағы ұрпақтар сабақтастығы. Қарағанды облысы Полиция департаментінің жауынгерлік және еңбек даңқы музейінде ішкі істер органдары ардагер әкелеріне арналған тағылымды іс-шара өтті. Олар – отбасылық әулеттердің қалыптасуына негіз болған, саналы ғұмырын қызметке арнаған азаматтар. Бұл кездесу олардың көпжылдық еңбегіне көрсетілген құрмет қана емес, сондай-ақ әке жолын жалғаған ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесіне берілген…
-

Шымкентте құтқарушылар марапатталды
Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясы күрделі жағдайда көрсеткен ерлігі мен адам өмірін құтқарғаны үшін құтқарушыларды «Адамды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады. Еске салайық, осы жылдың сәуір айында Шымкент қаласының «112» пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағындағы құдыққа 2024 жылы туған қыз баланың құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ…
-

Кездесу
Ауылымыздың депутаты Пернебай Рысбайұлы және Аманат партиясының төрағасы Манарбек Өсербекұлы жұмыс сапарымен ауылымызға келіп, тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында халыққа атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-zhambyl/press/news/details/1226610?lang=ru
-

Қазақстанда 174-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды
Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Сенек ауылында Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов 174-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өрт сөндіру бекетін ашты. Ведомстволық бағдарлама ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін күшейтуге және өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету уақытын азайтуға бағытталған. Шыңғыс Әрінов Маңғыстау облысында 59 ауыл барын, өңір үшін ерікті өрт сөндіру бекеттері желісін…
-

Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ел бірлігі мен тұрақтылығының кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын басты құжат.Бірлік пен заң үстемдігі салтанат құрған елде болашағымыз да берік! Конституциямыз – ел дамуының мызғымас негізі! #Конституция #Қазақстан #АтаЗаң Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1226612?lang=ru
-

Шахтинск қалалық СЭББ қоғамдық талқылау аңдатпасы
2026 жылғы 25 мамыр сағат 10:00 – де «Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» базасында «АMANAT» партиясы Шахтинск қалалық филиалының атқарушы хатшысы А.К. Омарбековтың қатысуымен 2025 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді. Мекенжайы: Шахтинск қаласы, Ленинград көшесі 81. Анықтама телефоны: 8 (72156) 50679 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1226615?lang=ru
-

МЫРЗАКЕНТТЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА
Мақтаарал ауданында елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалығын сақтау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Аудан әкімі Бақыт Асановтың тапсырмасына сәйкес, аудан орталығы Мырзакент кентінде көркейту және көгалдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Мадиходжаев, Әл-Фараби және Жеңіс көшелерін қамтитын жаңа аяқжол құрылысы. Ұзындығы 650 метрді құрайтын…
-

Самбай ауылында кезекті сенбілік жұмыстары өтті
Тазалық шарасы барысында ауыл сыртындағы аумақтарда санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, бей-берекет тасталған қоқыс қалдықтары жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, жол жиегі мен қоршаған ортаны тазарту жұмыстары атқарылды. Сенбілікке округ мекемелерінің қызметкерлері қатысып, ауыл аумағының тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты аялауға және санитарлық мәдениетті қалыптастыруға…
-

Санкт-Петербургте Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының делегациясы еліміздің конституциялық даму тәжірибесін таныстырды
Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz 2026 жылғы 19-21 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов пен судья Айжан Жатқанбаева Санкт-Петербург қаласында өткен «Конституциялық бақылау және қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері» халықаралық конференциясына қатысты. Ресей Федерациясының Конституциялық Соты ұйымдастырған халықаралық форум әлемнің 20 елінен келген судьялар мен заңгерлерді және ЕАЭО Соты өкілдерін жинап, климаттық, технологиялық…
-

Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды
Қарағандыда зейнеткерлерді алдаған алаяқ ұсталды. Қарағандыда егде жастағы азаматтарды нысанаға алған алаяқтық әрекеттер әшкереленді. Полицейлер екі бірдей зейнеткерді сан соқтырған 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қариялардың сеніміне кіріп, 2,8 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті өз әрекеттерін түскі уақытта жүзеге асырып отырған. Ол жәбірленушілердің аңғалдығы мен сенгіштігін пайдаланып, алдын…
-

Корпоративтік хатшы лауазымына орналасуға конкурс
“KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігі” КЕАҚ Корпоративтік хатшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды – 1 бірлік. «KazAID» КЕАҚ корпоративтік хатшысы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары: 1) Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім дипломы болуы;2) Кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс, артықшылық/басымдық ретінде корпоративтік құқық, корпоративтік қаржы немесе корпоративтік басқару саласындағы тәжірибе;3) Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;4) Корпоративтік…
-

СӘЙКЕСТІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫ – ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ
Қазіргі таңда елімізде құрылыс саласына қойылатын талаптар кезең-кезеңімен күшейтіліп, нысандардың сапасы, қауіпсіздігі және халық үшін қолжетімді болуы басты назарға алынуда. Әсіресе, жаңа Құрылыс кодексінің қабылдануы құрылыс процесіне қатысатын барлық тараптардың жауапкершілігін арттыра түсті. Осы орайда «сәйкестік декларациясы» ұғымының маңызы ерекше. Сәйкестік декларациясы — салынған нысанның қолданыстағы заңнамаға, құрылыс нормалары мен жобалық құжаттама талаптарына толық сәйкес…
-

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Грузияның Елшісі Леван Диасамидзе мырзамен кездесті
Ерлан Сәрсембаев ҚР Әділет министрлігінің қызметі туралы айтып, жүргізіліп жатқан құқықтық реформалармен және көрсетілетін қызметтерді цифрландыру саласындағы негізгі жетістіктермен таныстырды.Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара ризашылықтарын білдіріп, бір-біріне алдағы жұмыста табыс тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1226623?lang=ru
-

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды
Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жиында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар мен пәтер кілттерін табыстады. Кәсіби мерекемен құттықтаған Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан мәдениет және өнер саласының өкілдеріне берілген наградалар олардың қажырлы еңбегіне, кәсіби адалдығына және ұлттық мәдениетті…
