Автор: admin
-

Таразда өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен жиналыс өтті
Тараз қаласындағы Халық қаһарманы М. Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің акт залында қалалық өрт сөндіру бөлімдері мен аудандық бөлімшелердің жеке құрамының қатысуымен Zoom платформасы арқылы жиналыс өтті. Кездесу барысында қызметкерлерге тұрғын үй төлемдерін алу мәселелері түсіндіріліп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Сонымен қатар, қызметтік-әскери тәртіп мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметтік тәртіпті қатаң сақтау,…
-

Заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу мәселесі талқыланды
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Казстройподряд» ЖШС құрылтайшысы, «TUKİB» түрік-қазақ кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Аталай Хикметті қабылдады.Тараптар облыс орталығында заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салу жобасын талқылап, алдағы жоспарларды бірлесіп жүзеге асыру жайын қарастырды.«Өткен аптада Қызылорда облысына арнайы келіп, өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сол жолы заманауи сауда-ойын-сауық орталығын салуға қатысты жоспарды жан-жақты талқылаған болатынбыз.Баршамызға…
-

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңке өтті
Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Покатиловка ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара ауылдық округ әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфир форматында ұйымдастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1260812?lang=ru
-

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыс пайдалануға жарамды деп танылды
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Промгаз» ЖШС-нің қысыммен жұмыс істейтін ыдысын пайдалануға беру алдында жүргізілген техникалық куәландыру жұмысына қатысты. Техникалық куәландыру мамандандырылған ұйымның мамандарымен бірлесіп өткізілді. Іс-шара барысында көлемі 4,5 м³ болатын жерасты резервуарына пневматикалық сынақ жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың…
-

ӨКҚ-де баспасөз конференциясы өтті: ЭТТД 2026 жылдың 1 жартыжылдығындағы жұмысты қорытындылады.
Павлодар облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Г.Н. Касымов және 1-ші Жедел басқармасының басшысы Ж.Т. Киналбеков қатысты. Баспасөз мәслихаты барысында спикерлер есепті кезеңдегі департамент жұмысының негізгі нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып, қызметтің әрбір…
-

Айналымы 7,5 млрд теңгені құраған онлайн-казино Грузиядан шетелдік дропперлер желісі арқылы басқарылған
ҚМА СҚО бойынша департаменті ел аумағында жұмыс істеген ірі «Nomad Poker» атты онлайн-казиноның заңсыз қызметін тоқтатты.Тергеу барысында «Club GG Poker» мобильді платформасы негізінде құрылған «Nomad Poker» онлайн-казиносының қызметін Қазақстан азаматтары Грузия аумағынан жүргізіп отырғаны анықталды. Мұндай схема ұйымдастырушылардың жеке басын жасыруға, ақша ағындарын бақылауды қиындатуға және заңсыз қызметті жүргізу үшін шетел азаматтарының атына рәсімделген банк шоттары мен байланыс…
-

Баянауыл заманауи туристік орталыққа айналуда: ұлттық паркте жаңа визит-орталық ашылды
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде туристерге арналған басты ақпараттық және навигациялық орталық болатын заманауи Vizit Bayanaul «Сарыарқа сыры» визит-орталығының ашылу салтанаты өтті. Жаңа нысан туристерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және ұлттық паркке келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Аумағы 740 шаршы метрді құрайтын визит-орталықта келушілер туристік бағыттар, табиғи көрікті жерлер, ұлттық паркке кіру және онда…
-

✅ Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1260817?lang=ru
-

Ұлытау облысындағы «Серіктес» авариялық-құтқару қызметі» ЖШС-де жоспарлы бақылау іс-шаралары басталды
Тексеріс жұмыстарының ресми ашылуына Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының мемлекеттік инспекторлары мен кәсіпорын басшылығы қатысты. Кеңес барысында атқарылатын жұмыстардың мақсат-міндеттері айқындалып, салалық заңнама талаптарын сақтаудың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Шара аясында нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы, өндірістік тәуекелдерді азайту шаралары, мекеменің материалдық-техникалық жарақтануы мен персоналдың төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығы…
-

Қазақстан Республикасының азаматтарының назарына!
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! 2026 жылғы 23 тамызда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-20:00 аралығында) Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 435 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Осыған байланысты Сіздерді дауыс беруге қатысуға шақырамыз. Дауыс беруге қажетті сайлау бюллетеньдерінің жеткілікті санын қамтамасыз ету мақсатында баршаңызды төменде көрсетілген сілтеме арқылы алдын ала тіркелуге шақырамыз.…
-

Маңғыстауда сұйытылған мұнай газ тапшылығын жою жұмыстары жүргізілуде
Маңғыстауда сұйытылған мұнай газ тапшылығын жою жұмыстары жүргізілуде Маңғыстау өңірінде сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу және қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Пікір Сансызбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, Маңғыстау – ел бойынша сұйытылған мұнай газын ең көп тұтынатынушысы. -Облыс аумағында барлығы…
-

«Өнер керуені – Алға төрінде»
«Өнер керуені – Алға төрінде» атты мерекелік концерт Алға қаласының тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлады. Кеш барысында Геолог мәдениет үйінің өнерпаздары туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлаған әндер мен жүрекке жеткен шығармаларды орындап, ұлттық би мен жыр өнерін паш етті. Әрбір қойылым көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, мерекелік кештің ажарын аша түсті. Өнер мен бірлікті ұлықтаған бұл…
-

«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
Шолпан Жандарбекова атындағы Қарқаралы мәдени-сауық орталығында кәсіпкерлер мен жастар арасында қазақ тіліндегі жарнаманың сауаттылығын арттыру, көше жарнамалары мен маңдайшалардағы қате аударылған мәтіндерді түзету мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты сайыс ұйымдастырылды. Шара барысында аудан кәсіпкерлері мен жастары арнайы топтарға бөлініп, өз кәсіптерінің бағытын, даму жоспарын және басты ұрандарын таныстырды. Сонымен қатар, қатысушылар…
-

2026 жылы 15 шілде күні «Ашық есік» өткізілді
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде 2026 жылғы 15 шілдеде «Ашық есік» акциясы аясында департаменттің жалпы қызметі, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік-құқықтық актілер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/1260280?lang=ru
-

Аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке қабылдады
Aудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев, аудандық мәслихат төрағасы Марат Төлеуов және тиісті бөлім мен мекеме басшылары Сарықобда, Болгарка, Ақай және Қарахобда ауылдарында тұрғындарды жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, ветеринария, білім беру, электрмен жабдықтау және өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Кездесуге аудан әкімдігіне қарасты жауапты…
