Санат: Қазақстан
-
Оралда Tomorrow School-ға қабылдау басталды! 🚀
Tomorrow School — Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer форматындағы AI және бағдарламалау мектебі. Орал қаласындағы оқу М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің базасында, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Бағдарлама практикаға негізделген: қатысушылар өз бетімен білім алып, командамен жұмыс істейді, нақты жобалар әзірлейді және оқу барысында портфолиосын қалыптастырады. 💡 Бағдарламада:— тегін оқу мүмкіндігі— портфолиоға арналған 50-ден астам…
-
Халықаралық жарыстардың жеңімпазы саяси науқанға қатысты
23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауында ақтаулық марафоншы, ұзақ қашықтыққа жүгіруден ішкі және халықаралық жарыстардың жеңімпазы Евгений Хапатько өз таңдауын жасады. Ол – «Өзіңе сен» қоғамдық қорының мүшесі, «Caspian Marathon» командасының спорттық іс-шараларын ұйымдастырушы, сондай-ақ «Run Club Aktau» жүгіру клубының жаттықтырушысы. Спортшы өз сайлау учаскесіне таңғы жаттығуынан кейін келіп, азаматтық таңдауын жасады. – Спортта да,…
-
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРҒА 500 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСЫП, 16 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ
Түркістан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бағытында жүйелі жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірде 15-тен астам ірі экологиялық акция ұйымдастырылды. Сонымен қатар әрбір елді мекен бойынша 7 257 іс-шарадан тұратын жоспар бекітіліп, бүгінгі таңда оның 4 515-і орындалды. Атап…
-
САУ ЖҮРЕК — САУ БАЛА: ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК БАЛАЛАР КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облыстық балалар ауруханасында өңірлік балалар кардиохирургиялық орталығы ашылды. Жаңа орталықтың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанболат Ділдабеков қатысты. Заманауи орталықтың ашылуы — балалар кардиохирургиясы саласындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Енді Түркістан облысы, Қызылорда облысы және Шымкент қаласында жүрегінде туа біткен ақауы бар балаларға жоғары мамандандырылған кардиохирургиялық…
-
Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде қозғалыс жөндеуге байланысты ішінара шектеледі
Абай даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. 24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Саин көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары жолды толық жаппай, бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады.…
-
Орталық Қазақстанда Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді
2026 жылғы 22 тамызда «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының аумағындағы «Әліби» реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді. Бұл – халықаралық реинтродукция бағдарламасы аясында Қазақстанға әкелінген жылқылардан алынған алғашқы төл. Еркек құлын туғаннан кейін көп ұзамай өздігінен аяғына тұрып, енесінің соңынан еріп, сүтін еме бастаған. Мамандардың бақылауы бойынша, екеуінің де жағдайы жақсы. Құлынның енесі…
-
ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Түркістан қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету мақсатында «Қайырымды іс – жан азығы» атты тағылымды іс-шара өтті. Жүрекке жылу сыйлайтын игі бастама балаларға қуаныш сыйлап, олардың арман-тілектерін орындауға және ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндерге қолдау көрсетуге бағытталды. Оған облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жылы лебіздерін білдірді.…
-
❓ Ұйым дербес деректерді қорғау талаптарын сақтамаса, не болады?
✒️ Қазақстан Республикасының заңнамасында дербес деректерді қорғау саласындағы талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген. 🔴 Құқық бұзушылықтың сипатына қарай кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, ал жекелеген жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. 🏛 Сонымен қатар, уәкілетті орган заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізеді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды жою туралы нұсқама беріледі және тиісті негіздер болған кезде әкімшілік құқық…
-
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ШАХАН КЕНТІНДЕ СУ УАҚЫТША ӨШІРІЛЕДІ
«Энергоуголь» ӨБ хабарлайды: 24 тамызға жоспарланған су өшіру жұмыстары 25 тамызға ауыстырылды. 25 тамыз күні сағат 09:00-ден 24:00-ге дейін Шаханның сорғы станциясында диаметрі 150 мм №13 ысырмалы арматураны ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу кезінде Шахан кентіндегі тұтынушыларға су беру уақытша тоқтатылады. Тұрғындардан алдын ала бір тәулікке жететін су қорын дайындап алуын сұраймыз. Сумен жабдықтау қалпына…
-
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВТІ ҚАБЫЛДАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды. Батыс Қазақстан облысының жалпы өңірлік өнімі 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 5 трлн теңгені құрап, үш жыл ішінде 13,6%-ға өсті. 2023 жылдан бері негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды. Мемлекет басшысына бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы толық ақпарат ұсынылды. Жақын арада Қарашығанақ кен…
-
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Түркістан облысында 2026 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң динамикасы сақталды. Есепті кезеңде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жоспар толық орындалып, өңір экономикасының тұрақты өсімі қамтамасыз етілді. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 124,1%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы республикада көш бастады. Өңірдің экономикалық өсіміне өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларындағы жоғары…
-
Ескелді ауылдық округінде ветеринариялық қызметпен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және есепке алу бойынша жұмыстар жүргізілуде
Тұрғындарға малды таңбалау, чиптеу, жайылымды дұрыс ұйымдастыру және малды қараусыз қалдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Бұл шаралар малдың жоғалуы мен ұрлануының алдын алуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1279144?lang=ru
-
Ескелді ауылдық округінде мал ұрлығының алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Шаруа қожалықтарының иелері, бақташылар және учаскелік инспекторлармен бірлесіп, малды есепке алу, бірдейлендіру және қараусыз қалдырмау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ортақ міндет — мал ұрлығының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1279146?lang=ru
-
Таудың нәзік гүлі — бұйра лалагүл
Бір қарағанда ертегі гүліндей көрінеді. Күлтелері кейін қарай қайырылып, ерекше пішін түзетін бұйра лалагүл — Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек өсімдіктердің бірі. Бұл гүл табиғатта көзге жиі түсе бермейді. Ол таулы аймақтардың орманды және шалғынды бөліктерінде өсіп, жаз мезгілінде ерекше реңімен көз тартады. Бұйра лалагүлдің әсемдігі — тек сыртқы көрінісінде емес. Табиғи популяциясының сақталуы оның…
-
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ТЕННИСШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ
Шымкентте теннистен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогы басталды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі «Билайн Арена» спорт кешенінде өтті. Қазақстан кубогы биыл 10 жылдық тарихын қорытындылайтын мерейтойлық жарыс ретінде өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстанның барлық өңірінен 18 команда қатысуда. Жарыс бағдарламасына ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей және жұптық ойындар енгізілген. Жас спортшылар рейтингілік ұпай үшін бақ сынап, ұлттық…
