Санат: Жаңалықтар
-
Жайнақ батыр ауылдық округіндегі көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары
Жайнақ батыр ауылдық округіне қарасты ауылдарда көктемгі санитарлық-тазалық жұмыстары қарқынды өтуде. Жайнақ батыр әкімдігінің ұйымдастыруымен округ тұрғындары мен мекемелерінде сенбіліктер өтуде. Елді мекендердегі бос, қараусыз жатқан жерлер еңбек биржасы қызметкерлерімен тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-zhainak-batyr/press/news/details/1201342?lang=kk
-
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау – жауапты міндет
Аймақ әкімдігінде облыс басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2026 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық тақырыбында отырыс өтті. 6 сәуірден бастап ресми түрде өрт қаупі кезеңі басталды, бұл кезең қазан айына дейін жалғасады. Қазіргі уақытта орман күзетінің кадрлық құрамы күшейтілді. Үш жыл бұрын 825 адам болған, қазір 1 242 адамға дейін немесе 51%-ке өсті. Орман мекемелерінің техникамен қамтамасыз…
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарашілік ауылдық округінде ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді қатысып, елді мекенді көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Аталған шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл аумағын көркейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру. Отырғызылған көшеттер алдағы уақытта ауылдың көркін арттырып, таза әрі жайлы орта қалыптастыруға…
-
“Халық заңгері” әлеуметтік акциясы
Астана қаласы бойынша еңбек инспекциясы департаментінің қызметкерлері Астана қаласы “Есіл“ ауданының прокуратурасымен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп “Халық заңгері“ әлеуметтік акциясына қатысты. Іс–шара барысында елорда тұрғындарына еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1201346?lang=kk
-
Өткен аптада өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша екіайлық басталды. Алғашқы ауқымды сенбілік демалыс 28 наурыз күні өтті.
Назарларыңызға сенбілік нәтижелерін ұсынамыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-akai/press/news/details/1201348?lang=kk
-
Атырау мектептеріндегі экологиялық іс-шаралар қорытындыланды
Қорытынды кезеңде Ақжар ықшамауданындағы № 44 мектепте ашылған эко-бұрыштың таныстырылымы өтті. Салтанатты іс-шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Гулайым Төлеубаева қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. — «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық құндылықтарды нығайтып, азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Ал «EcoLab» экобұрышы…
-
Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне қарасты Үкіліқыз ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Ұлы Отан соғысының Батыры Қойгелді Аухадиев ауылдық округіне қарасты Үкіліқыз ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі Ержан Ниязбекұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жылға арналған жоспарларымен…
-
Успен ауданында келісім комиссиялары мүшелеріне арналған облыстық семинар өтті
13 сәуір күні Успен ауданында келісім комиссиялары мүшелеріне арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға аудан мен облыстың білім беру ұйымдарынан 100-ден астам өкіл қатысты. Семинар келісім комиссиялары қызметінің өзекті мәселелерін талқылауға арналған маңызды кәсіби алаңға айналды. Қатысушылар жұмыс барысында туындайтын практикалық жағдайларды қарастырып, тәжірибе алмасып, күрделі сұрақтарға нақты түсіндірмелер алды. Семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына бас маман…
-
Талдықорған қаласындағы Мұхтар ЕрінТалдықорған қаласындағы Мұхтар Ерін атындағы №24 мамандандырылған лицейінің окушылары музей экспозициясымен танысып, тағылымды іс-шараға қатысты
Талдықорған қаласындағы Мұхтар Ерінатындағы №24 мамандандырылған лицейініңокушылары музей экспозициясымен танысып,тағылымды іс-шараға қатысты.Іс-шара барысында педагогика ғылымдарыныңкандидаты, қауымдастырылған профессор, доцентАдамқұлов Нұрәли Мерекебайұлының «Ұлттықмузыкалық аспаптар дайындау технологиясы» аттыкөрмесінің тұсау кесері өтті.Кештін көркін 8-сынып окушысы Баратжан Рәбілдомбырамен күй орындап, ұлттық өнерге дегенсүйіспеншілігін паш етті.Мұндай игі шаралар жас ұрпактың рухани дамуынаұлттык құндылыктарды дәріптеуге үлкен үлесқосады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-shanhanai/press/news/details/1201355?lang=kk
-
ШЫҰ елдері Ауыл шаруашылығы саласындағы министрлер бірлескен жұмысы туралы келісімге келді
2026 жылғы 15 сәуір, Бішкек қ. – Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің 11-ші кеңесіне қатысты. Кеңес ШЫҰ елдерінде тұрақты азық-түлік жүйелерін дамыту мақсатында органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналды. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжүреков басқарды. Ол құттықтау…
-
2026 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау басталды.
Академияда магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттарды қабылдау admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Биыл үміткерлер 1 сәуірден бастап 1 маусымға дейін тіркеліп, өтініш бере алады. Яғни құжат қабылдау процесі 2 ай ғана жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға 200 адам, докторантураға 12 адам қабылданады. Бұрын магистратураға тек 120 грант бөлінсе, биыл…
-
Депутаттар 2-ЖЭО-да жобаны іске асыру барысымен танысты
Мәслихат депутаттары қаладағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жүргізілген жұмыс сапары аясында ЖЭО-2 және оның базасында салынып жатқан жаңа газ станциясының құрылыс барысымен танысты. 45 жылдан бері көмірмен жұмыс істеп келе жатқан ЖЭО-2 бүгінгі күнге дейін өз қызметін жалғастырып отыр. Сонымен қатар, оның жанында заманауи газ станциясының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда жобаның жалпы дайындығы 70%-дан асты.…
-
ІІМ ескертеді: Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралуда
Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр, онда қаскүнемдер өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырады. Алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қауіпін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді. Жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды.…
-
ТҮРКІСТАНДА 2500 ҮМІТКЕР ҚАТЫСҚАН «AL-FARABI» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан облысында республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойынының финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Білімділер додасы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтті. Аталған жоба – жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Финалдық кезеңге іріктелген үздік 3 команда қатысып, өзара бәсекеде бақ сынады. Финал барысында…
-
Облыс әкімі Семейдегі кәсіпорындарда болды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар өндірістік кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты. Аймақ басшысы қаланы аралау барысында әуелі «KONDIZ» ЖШС-не барды. Серіктестік 2013 жылы іске қосылған. Кондитерлік фабрика – еліміздегі ең жас және қарқынды дамып келе жатқан кондитерлік кәсіпорындардың бірі. Мұнда 200-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Негізгі бағыты – кондитерлік және макарон өнімдерін…
