Санат: Жаңалықтар
-

Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысуда
Биыл химия пәнінен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатыр. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті базасына әлемнің 35-тен астам елінен 200-ге жуық үздік жас химик жиналуда. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Вьетнам, Өзбекстан, Израиль, Армения, Түркия, Куба, Моңғолия, Бразилия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Чад Республикасы, Египет, Таиланд, Коста-Рика, Иордания, Әзербайжан, Солтүстік Македония…
-

Петропавл қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды
Петропавл қаласында жалпы білім беретін пәндерден 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезең басталды. Олимпиада 2026 жылғы 17-21 сәуір аралығында Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында өткізіледі. Білім додасы ағылшын, неміс және француз тілдері бойынша ұйымдастырылуда. Дарынды оқушыларды анықтау және олардың ғылыми-танымдық әлеуетін дамытуға бағытталған зияткерлік сайыста еліміздің барлық…
-

📚 Ұлттық кітап күніне арналған облыс әкімі Асхат Шахаровтың жазбасы
«Ардақты ағайын! Бүгін – Ұлттық кітап күні. Өңірімізде осы күнді кеңінен насихаттау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы апталық өтіп жатыр. Ұлттық кітап күні – рухани қазынамызды түгендейтін, зердемізді жаңғыртатын айрықша күн. Қазақ «Сөз – сүйектен өтеді» дейді, ал сол сөздің мәйегі – кітапта. Кітап – үнсіз ұстаз, сарқылмас қазына, рухтың шамшырағы. Қолым қалт етсе,…
-

Соңғы 5 жылда Қазақстанда CLAAS компаниясы 1840-тан астам ауыл шаруашылығы техникасын өндірді
Елімізде CLAAS компаниясы ауыл шаруашылығы техникасының өндіріс көлемін 242 млрд теңгеге дейін арттырды. Бұл жоба елдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі индустриялық кооперация мен өндірісті жергіліктендірудің табысты үлгілерінің біріне айналды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың Германия экономикасының Шығыс комитетінің басқарма төрайымы Катрина Клаас-Мюльхойзермен кездесуінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар сауда, инвестиция және технологиялық әріптестік бағыттарын қоса…
-

🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: «ИНКАЙ» БК» ЖШС-ДЕ АТҚАРЫЛҒАН ҮШ ОНЖЫЛДЫҚТАҒЫ ЕҢБЕК ПЕН ТӘЖІРИБЕ НӘТИЖЕЛЕНДІ
«ИНКАЙ» Біріккен кәсіпорны» ЖШС-нің 30 жылдық мерейтойы – бұл тек уақыт белесі ғана емес, сонымен қатар қажырлы еңбектің, кәсіби шеберліктің және жинақталған тәжірибенің жарқын көрінісі. Үш онжылдық ішінде кәсіпорын тұрақты даму жолынан өтіп, өндірістік әлеуетін арттырып, саладағы сенімді және беделді серіктеске айналды. Үстіміздегі жылдың 23 сәуір күні Созақ ауданында аталып өтілген «ИНКАЙ» Біріккен кәсіпорны»…
-

Астанада Республика даңғылы ішінара жабылады
Астанада Республика даңғылының Абай даңғылынан А.Иманов көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жұмысының жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты, 24-27 сәуір аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол…
-

Қызылордада полиция бетті тұмшалауға қатысты ережелерді тұрғындарға түсіндірді
Қоғамдағы заң мен тәртіп – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты қағида. Сәйкесінше қоғамдық орындардағы тәртіпке қатысты талаптар да күшейген. Солардың бірі – қоғамдық орындарда бетті тұмшалауға қатысты ережелер. Бүгінде қоғамдық орындарда бет-ауызды тұмшалап жүруге болмайды. Тыйым балаклаваға, медициналық мақсаттан тыс маскаға, никабқа және адамның жүзін анық көруге кедергі келтіретін өзге де…
-

Астанада Кенесары көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Астанада Кенесары көшесінің Ә.Сембинов көшесінен М.Ғабдуллин көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осыған байланысты, 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту…
-

Астанада математика және механика бойынша халықаралық ғылыми жобалар конкурсы басталды
15-17 сәуір аралығында Астана қаласындағы Талғат Бигелдинов атындағы №1 мектеп-лицейі базасында Ө. Жолдасбеков атындағы 11(12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтеді. Халықаралық ғылыми жарысқа Қазақстан, Тайланд және Түркия елдерінен 99 жобамен 135 оқушы қатысады. Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, математика және механика салаларында дарынды оқушыларды…
-

Шортанды ауданында респираторлық және медициналық бұйымдар өндіріледі
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Шортанды ауданындағы «Daris Group» ЖШС өнімдерімен танысты. Компания 2021 жылы құрылған және респираторлық әрі медициналық бұйымдар өндірісімен айналысады. «15 жұмыс орны ашылды, өндірістік қуат жылына 1 млн дана өнімге дейін жетеді. Бүгінде елдегі фтизиопульмонологиялық орталықтардың 80%-ын медициналық респираторлармен қамтамасыз етіп отырмыз, сондай-ақ дезинфекциялық және медициналық майлықтар, наркотесттер…
-

Мемлекет пен бизнес серіктестікті күшейтуде
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту мәселелеріне арналған «Ортақ Атамекен: Өңірден басталған өрлеу» атты форумы өтті. Форумда Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев баяндама жасады. Ол форумның мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және сарапшылар арасындағы конструктивті диалог үшін тиімді алаңға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, бизнеспен жүйелі өзара іс-қимыл тұрақты экономикалық өсудің, инвестициялық тартымдылықты арттырудың…
-

Әдеби quiz: жас оқырмандар білімдерін дәлелдеді
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде «Әдебиет еліне саяхат» атты қызықты әдеби quiz ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың танымдық қабілеттерін дамыту және әдебиет әлеміне деген қызығушылығын ояту. Quiz барысында қатысушылар қазақ және әлем әдебиеті бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Әсіресе, Абай Құнанбаевтың…
-

Ғимараттың қасбетін абаттандыру
2026 жылғы 23 сәуірде әкімдік ғимаратының қасбетін абаттандыру жұмыстары басталды: бұталарды кесу, терезе жақтауларын ескі бояудан, кірден тазарту. Осылайша, әкімшілік ғимаратты эстетикалық көрініске келтіреді. Бұл жұмысты“Құсмұрын кенті әкімінің аппараты“ ММ қосалқы жұмысшылары жүргізеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-kusmuryn/press/news/details/1207611?lang=kk
-

«Азаматтарды қабылдау орталығында» жеке қабылдау өткізілді
23.04.2026ж. «Азаматтарды қабылдау орталығында» Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сагимбаева Алия Сламжановнамен мүгедектігі бар және зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалармен жеке қабылдау өткізілді. Қабылдау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындарға тиісті кеңестер беріліп, қызмет алушылардың мәселелерін оңтайлы шешу жолдары қарастырылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1207613?lang=kk
-

Қостанай облысының оқушылары Абай мұрасын жаңа қырынан танытуда
Дүниежүзілік кітап күні қарсаңында Қостанай облысы Қарасу ауданындағы Абай атындағы мектепте «Абайды оқитын мектеп» жобасы сәтті жүзеге асыуда. Бастама аясында оқушылар классикалық әдебиетті оқып қана қоймай, оны күнделікті өмірде қолдануды үйренеді. Мектепте әдеби квиздер, мәнерлеп оқу конкурстары мен Абайдың қара сөздерін талқылау тұрақты өтіп тұрады. Бұл шаралар балалардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және оқу сауаттылығын…
